173562 3 жаңа құрғақ жүк терминалдары салынады ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Ақтау теңіз порты жүк тасымалдаудан рекордтық көрсеткішке жетті

Бір жылда паром арқылы 607 мың тонна жүк тасымалданып, межеленген жоспар 300 пайызға артық орындалған.

Ақтау теңіз порты жүк тасымалдаудан рекордтық көрсеткішке жетті
фото с сайта aktau-business.com

Әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан Ақтау теңіз порты жүк жіберу көлемін жыл санап ұлғайтып келеді.

Былтыр 12 миллион тоннадан астам мұнай және құрғақ жүктер тасымалданды.

Оның 8 жарым миллиондайы қара алтын, ал қалғандары бидай, металл, халық тұтыну тауарлары. Мұнай негізінен Әзірбайжан, ал астық Иран порттарына жіберілген. 2001 жылы іске қосылған теміржол паром кешені өткен жылы рекорд жасап, бір Ақтау-Баку-Ақтау бағытына 607 мың тонна жүк тасымалдапты. Берік Уандықов, Ақтау теңіз сауда портының директоры: - Бұл порт қазір Каспий теңізіндегі белді 10 порттың ішіндегі алға басар порттардың біреуі. Мысалы 30 млн тонна жүк өтетін болса осы Каспий бассейнінде, соның 33 пайызы Ақтау портынан өтеді. Қазір көрсеткіштерден 1-ші орында келе жатырмыз.

Бұл порт қазір Каспий теңізіндегі белді 10 порттың ішіндегі алға басар порттардың біреуі

Ақтау портының техникалық мүмкіндігі жылына 11 миллион тонна жүкті өңдеуге есептелген. Ал, сұраныс 3 есе жоғары. Сондықтан порттың өндірістік қуатын арттыру мақсатында оны солтүстік бағытқа кеңейту туралы Үкіметтің шешімі шығып, арнайы жоспар жасалды. Болашақта қазақ мұнайын сыртқа тасымалдайтын 20 миллион тонналық Құрық портының қуаты ескеріліп, бастапқы жоба өзгертілді. Енді тек құрғақ жүктер терминалы салынбақ. Берік Уандықов, Ақтау теңіз сауда портының директоры: - Сол шешім бойынша қазір 3 құрғақ жүк терминалы салынады. Ол терминал 2015 жылға дейін салынып біту керек. Үкімет бюджетіне қиындық келмес үшін мұны Концессия ретінде салдырады, жеке инвесторларды келтіру керекпіз.

Бұл осы 3 құрғақ жүк терминалдары салынып біткеннен кейін 2,5 млн тонна құрғақ жүкті осы жерден өңдейміз.

Қазір портты кеңейтуге байланысты құрылыс жұмысатарына дайындық басталып кетті. Бұл жоба порттың одан әрі дамуына серпін бермек.

Источник: Хабар

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 1

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .