Финансы
173321 Ағылшындық ғалым­дардың "жылқы малы алғаш рет қазақ жерінде қолға үйре... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақтың қазанатына қашан қол жеткіземіз?

Ағылшындық ғалым­дардың "жылқы малы алғаш рет қазақ жерінде қолға үйретілген" деген сенсациялық жаңалығы жария болғанда, жүрек жарылардай қуанғанымыз рас. Осыны айтып мақтанғанда, ауыздыға сөз бермейміз, алайда атақ-даңқымызды асырған ата-баба кәсібінің қадіріне жете алмай жүрміз-ау... Әйтпесе қазақтың күллі әлемді тамсандырған қазанаттары қайда кеткен?..

Қазақтың қазанатына қашан қол жеткіземіз?
фото с сайта 112719.24net.kz

Жылқыжанды халықтың жерінде киелі жануар­ды зерт­теп, асыл тұқымды тұлпарларды жан-жақ­ты зерделейтін ар­найы ғылыми орталық болса игі еді. Бірақ өзіміз кие тұтатын қасиетті Қамбаратаға мұндай игілікті қимай отырмыз. Қазақ­тың қазанатын қайта жаңғырту жолындағы бар жауап­кер­шілік Қостанайдағы "Қазақ тұлпары" зауытының құра­мын­дағы шағын ғана зертханаға жүктелген. Және бұл зерт­хана салмағы ауыр міндеттемені абыроймен орындап келе жатқаны көңіл көншіткенімен, "аты аңызға айналған қазақтың қа­натты тұлпарларына қайта қол жеткізу үшін елімізде қазақ ғылыми-зерттеу жылқы институтын ашатын мезгіл жет­ті" дейді мамандар.Тақырыпқа тұздықОсыдан 123 жыл бұрын Николай пат­ша­ның нұсқауымен Николаевск уезінде са­лын­ған атқораның уақыт өте келе маңызы ар­тып, "Қостанай жылқы тұ­қымы" деген ұғым пайда болады. 1951 жылы 22 наурызда КСРО Министрлер кеңесінің қаулысымен қоста­най­лық жылқы мініс-жегіс жануары ретінде ресми түрде бекітіледі. Ал 2000 жылы Елба­сы­мыздың тапсыруымен "Қазақ тұлпары" РМҚК-ға айналып, спортқа маман­дан­ды­рыл­ған тұлпарлардың тұқымын жасау мақ­саты қойылады.Нәбидолла Кикебаев, "Қазақ тұлпары" РМҚК директоры, ауыл шаруашылық ғы­лы­мының докторы, мұғалжар жылқы тұ­қы­мының авторы:– Біздің мақса­ты­мыз – баяғы ба­ба­ларымыздың пырағын еске түсіретін, қазақтың салт мініс аты дейтіндей жаңа тұқым қалыптастыру. Өйткені қазақты айдай әлемге тек алтыны мен күмісі, мұнайы мен бидайы ғана емес, ең ал­дымен оның қазанаты шығарады. Ай­туға оңай болғанымен, талмай ізденіп, тапжылмай атқармаса, жеңіл шешіле қой­майтын шаруа. Сондықтан кешегі қазанаттың ізін жалғайтұғын көркі көз тартар келісті, аузымен құс тістеген жүй­рік, таңнан кешке шапса да, ша­шасын шаң қаппас қазақтың қанатты тұл­парлары жобамен 20-25 жылдың ішін­де ортамызға қайта оралады деп жос­парлаудамыз.

Аталмыш жылқы зауытының негізгі міндеттерінің тағы бірі – ол "Қазақ тұл­пары" жылқы зауытын шын мәнінде қазіргі заман талабына сай қылу.

Мұн­таздай қо­ра­лары, ипподромы, шабындығы бар кешен ретінде қала жанында, кәрі То­былдың көрікті жерінде көз тояттай­тындай "мен мұндалап" тұрса, кәнеки. "Қазақ тұлпарында" он жыл бұрын 226 бас жылқы болса, қазіргі таңда ол 311 басқа жетті. Оның сыртында асылтұқымды 700-ден астам жылқы республикамыздың түкпір-түкпіріне сатылып, жергілікті жыл­қыларды асылдандыруда. Бәйге жарысында да берекелі нәтиже көрсетіп келе жатқан қостанайлық жүй­рік­тер 2002 жылдан бері шетелдік таза қанды жыл­қылармен жарысқа түсіп, 334 рет жүл­делі орындарға ие болды. Соның ішінде 134 бірінші, 114 екінші, 80 үшінші жүл­де мәртебесін жеңіп алып, 20 млн-нан ар­тық ақшалай сыйлық пен 18 автокөлікті қан­жығаларына байлады.

Биылғы Елбасы Жолдауы туындатқан жа­ңа міндеттер "Қазақ тұлпарына" да қа­тысты.

Бізге шетелдік жарыстарға шығуға не­месе жылқыларымызды сату мәселесінде қиындықтар туындап жататыны шындық. Әдетте, еуропалықтар Азия елдерінен тарай­тын ветеринарлық аурулар көп деген сыл­тауды алға тартады. Ал қазір Кеден ода­ғы арқылы мұндай мәселе шешімін та­бу­ға тиіс деп үміттеніп, "ендігі уақытта Ресейде, Белоруссияда ұйымдастырылатын халықаралық жарыстарға қатыса аламыз" деп отыр зауыт мамандары. Институт ашылмай, игілікке жетпеймізҒалымдардың интеллектуалдық ең­бек­те­рі мен ізденістерін ендігі кезеңде өз жүйе­мізде пайдаланар шақ келді. Ол үшін ғылыми-зерттеу институттары ашылуы қа­жет. Мұндай бастаманың айғағы – ол зауыт­­та жыл­қының генетикалық тегін анық­тайтын ге­нетикалық талдағыш құрыл­ғы және биелердің күйін және жатырда пайда болған құлынның түр-тұлғасы, дене бітімі, жетілуін кәдімгі монитор арқылы ба­­қылауға мүмкіндік беретін шетелдік озық құрылғы, сонымен қатар әрбір жыл­қы­ға жеке иден­ти­фикациялық нөмір ен­гі­зе­тін құралдар іске қосылған. Халықаралық ISO 11785 және 11784 стандарттарына сай келетін осы­нау құрылғы арқылы енгі­зіл­ген жеке код жылқының ғұмырына же­те­ді, ол ше­ка­радан өтерде немесе даулы мәселе туғанда айрықша рөл атқарады. Мұндай жүргізіліп жатқан ғылыми жұ­мыс­та­рымыздың тағы бір бағыты – асылтұқымды айғырлардың жоғары сұ­рыпты ұрық­тық қорын жасап, қолдан ұрықтандыру жұ­мыстары жүргі­зілу­де. "Зауыт зерт­ха­на­сын­да ізденіп жүрген ғалымдарымыздың биотехнология, генети­ка саласында нәтижелі еңбек етуі үшін күш жұмсай бер­мек­піз", – дейді бұл тұрғыда зауыт бас­шысы.Нұрлан Елкеев, биотехнология зерт­ха­на­сы­­ның ғылыми қызметкері, селекционер-зо­отехник:– Мал шаруашылығы ғылымындағы ең құнды жетістіктердің бірі – аталық мал­дың ұрығын мұздатып қатыру және ұзақ мерзім сақтау әдістерінің жа­са­лы­нуы мен өндіріске енгізіле бастауы.

Ең құнды жетістіктердің бірі – аталық мал­дың ұрығын мұздатып қатыру және ұзақ мерзім сақтау әдістерінің жа­са­лы­нуы

Ұрықты мұздатып қатыру, тем­пе­ра­ту­расы -1960С сұйық азотты қолдану ар­қы­лы ғана жүзеге асады. Әдетте мұндай температурада ұрық жіпшелерінің тір­ші­лігі уақытша тоқтап, өзінше бір крио­кон­сервация жүреді. Осындай күйдегі ұрықты ұзақ мерзім сақтауға, алыс қа­шықтықтарға тасымалдауға және қажет болған жағдайда, қашан және қайда бол­сын пайдалануға мүмкіндік бе­ре­ді.Қостанай жылқы тұқымының биелерін аса құнды, асылтұқымды айғырлардың жаңа алынып сұйытылған және мұз­да­ты­лып қайта ерітілген ұрықтарымен қолдан ұрықтандыру арқылы жылқы зауытында 47 бас, ал жеке шаруа қожалықтарында 14 бас құлын алынды. "Қолдан ұрық­тан­ды­ру­дан алынған төлдер табиғи шағы­лыс­тыру жолымен алынған төлдерден тіпті де кем емес. Бірақ мәселе – құлынның қай жол­мен шыққанында емес, ДНК-ның құра­мында" дейді мамандар. Мысалы, қол­дан ұрық­тандыру арқылы алынған "Той­қасқа" атты айғыр – осыған дәлел. Жар­ты жыл бұрын Астанада өткен "Қара­өткел" халықаралық жәрмеңкесінде "Қазақ тұлпарының" асыл тұқымдыларына таң­дай қақпаған жан жоқ шығар, сірә. Сон­дағы фотосессияның басты кейіпкері осы пробиркадан шыққан "Той­қас­қа" бол­ды.Сапалы генетикалық қор қалыптастыру сала­сында жұмыс атқарып жатқан маман­дар­дың ең басты және асыл арманы – ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЗАНАТЫНА қайта қол жеткізу.

"Қазақ тұлпары" жылқы зауы­ты­ның атқарып жатқан осындай игі істері мен жоспарланған мақсаттарын тиісті дәрежеде жүзеге асыратын республикалық дең­гей­дегі ғылыми орталық ашылар болса, алыс-жақын шетелдердің атбегілерінің назары Қазақ еліне ауары сөзсіз. Бұл бізге сырттан инвес­тиция алып қана келмейді, оған қоса Қазақстанның әлемдік аренада өз орнын ала­тындай бедел жинауына бірден-бір қызмет ететіні айтпаса да түсінікті. Биылдың өзінде осы "Қазақ тұлпары" ме­кемесінде бір ғылым докторы, алты ғылым кандидаты жылқы шаруа­шы­лы­ғы­на қатысты заман талабына сай өзекті та­қы­рып­тар­да диссертациялық жұмыс­та­рын қор­ғап, білікті маман екендерін дәлелдеді. Иә, ра­сымен, егер бұл орайда шағын ғана зерт­хана кешенді ғылыми орталық "Қазақ ғылыми-зерттеу жылқы институтына" ай­нал­са, Қазақ елі көз жазып қалған қасиетті қа­зынасына қол жеткізер күн де алыс емес сияқ­ты. Ендеше, ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЗАНАТ, ҚҰЛАГЕРЛЕРІ көбейіп, Қамбаратаның киесі қолдап, көңілдегі үлбіреген үміттің ор­нына салмақты сенім орнату үшін қажетті жағ­дай жасау – уақыт талабы.

 

Источник: Алаш Айнасы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .