Финансы
173190 Ауыл шаруашылығы вице-министрі айтуынша ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстанда нанның орташа бағасы 43 теңге

Нанның орташа бағасы Қазақстанда 43 теңгені құрайды. Бұл туралы бүгін Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттіктің алқа мәжілісінде ауыл шаруашылығы вице-министрі Сақташ Хасенов мәлім етті.

Қазақстанда нанның орташа бағасы 43 теңге
фото с сайта crasota.org

"Өзіндік өндірістері есебінен қамтылмай қалған өңірлерді астықпен қамтамасыз ету үшін азықтық бидайды жеткізіп беру туралы меморандумға қол қойылғаны белгілі.

Осыған орай, "Азық-түлік корпорациясы" және "Астық одағы" қорынан 26 мың 500 теңге шамасында белгіленген баға бойынша 2,9 млн. тонна астық жеткізілетіні көзделген.

Бұл шара 2011 жылғы 1 қазанға дейін өңірлердің сұранысына орай астықпен қамтамасыз етуді жүзеге асырады әрі нан мен ұнға бағаның артуына қатысты алғышарттарды толық жояды", -дейді вице- министр.

Оның айтуынша, 10 қаңтардағы жағдай бойынша ел өңірлеріне олардың тапсырыстары бойынша 368 мың тонна астық жөнелтілген. Сол арқылы өңірлердегі нан бағасы тұрақты ұсталып тұр.

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 9

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .