173181 Павлодар облысында жүк тасымалдауға арналған жартылай вагондар шығарыл... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Павлодар облысында жүк вагондары шығарылатын болады

Павлодар облысында жүк тасымалдауға арналған жартылай вагондар шығарылатын болады.

Павлодар облысында жүк вагондары шығарылатын болады
фото с сайта comtransservice.ru

Облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевпен бірге Екібастұзда "Қазақстан вагон шығарушы компания" ЖШС-да болған "Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ президенті Асқар Мәмин осылай деп мәлім етті.Келген қонақтарды өндіріс барысымен таныстырған кәсіпорынның бас директоры Мұрат Әлпиев республикалық Индустрияландыру картасына енгізілген, құны 7,7 млрд. теңге болатын жүк тасымалдауға арналған жартылай вагондар шығару өндірісінің құрылғанын жеткізді.

Осы өндіріс жүк вагондары саласында ұлттық тасымалдаушының қажеттілігін төмендетіп, машина жасау, металлургия мен химия өнеркәсібінің қарқынды қадам басуын қамтамасыз етеді.

Бұл кәсіпорында жылына 2000 тарта жартылай вагон мен 500 жабық вагон шығарылады.

Қазіргі таңда екінші кешеннің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Екібасұздағы вагон шығару мөлшерін теміржол көлігінің барлық қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жылына бес мың вагонға дейін арттыру керк", деп атап өтті А.Мамин."Проммашкомплект" ЖШС-да болған А.Мамин мен Б.Сағынтаев құны 9,4 млрд. теңге болатын теміржол дөңгелектерін жөндейтін тағы бір инновациялық жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты.

 

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .