Финансы
173128 Батысқазақстандық "Оралагрореммаш" зауыты биыл өндіріс көлемін кеңейті... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

"Оралагрореммаш" пен Минскідегі "МАЗ" бірлесіп техника шығару келісімге қол қойылды

Батысқазақстандық "Оралагрореммаш" зауыты биыл өндіріс көлемін кеңейтіп, өнім түрлерін молайтуды көздеп отыр.

"Оралагрореммаш" пен Минскідегі "МАЗ" бірлесіп техника шығару келісімге қол қойылды
фото с сайта profi-forex.org

Батысқазақстандық "Оралагрореммаш" зауыты - ЗиЛ, КамАЗ, УРАЛ автомобильдеріне жабдықталған өрт сөндіруші автоцистерналар, автожағармайқұюшылар, автоцистерналар, суару-жуу машиналарын шығаруға мамандырылған, тек облыстың ғана емес, еліміздің ірі және бірқалыпты істеп тұрған кәсіпорындарының бірі.

Бұған дейін қысқа мерзімді жобалармен шектеліп келген "Оралагрореммаш" биыл өндіріс көлемін кеңейтіп, өнім түрлерін молайтуды көздеп отыр. Жаңа жылдың алғашқы айы бел ортасына жетпей жатып-ақ жаңа ірі жобаны іске асырудың жолы да, табыс тетігі де табыла кетті.

Беларус мемлекетінің әлемге танымал "МАЗ" зауытымен бірлесіп арнайы техника шығару туралы ұзақ мерзімді келісімге қол қойылды.

"Оралагрореммаш" АҚ басшысы Ғимран Бисеновтің айтуынша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүзеге асып отырған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы "Оралагрореммаш" зауыты сияқты машина жасаумен айналысатын кәсіпорындарды қолдауға бағытталған. Облыс басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетовтің қолдауымен зауыт алғашқы ілкі жобаны жүзеге асыруға кірісіп те кетті.

"МАЗ" зауытынан бірінші кезекте Орал қаласы мен аудандардың коммуналдық қызметіне қажетті арнайы көліктер шығару үшін 20 шасси сатып алынады. Облыс жолдарына шыдас беретін көлік үлгісі таңдалып алынды. Бұл әріптестіктің тек облыс қана емес, жалпы еліміз үшін берері мол екендігі даусыз. Өйткені "МАЗ" - әлемге танымал бренд, жоғары сапалы техника. Оның үстіне кәсіпорын өнімді жаңарту мен жетілдіру үрдісін үздіксіз жүргізеді.Кәсіпорынның ең басты артықшылығы, "ЗИЛ", "ГАЗ" класынан бастап ауыр салмақты жүк көліктеріне дейін жасап шығарады.

Зауытты жаңартуда, ноу-хау технологияларды пайдалана отырып, кәсіпорынды техникалық тұрғыда жаңа сатыға көтеруде де "Ораларгореммаш" жаңа әріптестің көмегіне сүйенетін болады.

Жобаның нақты құны әзірге белгісіз. Белгілісі - құрылыс цехын техникалық қайта жарақтандыру жұмыстарына 2 млн. доллар қаржы бөлінбек."МАЗ" ААҚ ғылыми-техникалық орталығы директорының орынбасары Сергей Романов "Оралагрореммаш" зауытының коммуналдық қызмет пен өрт сөндіруде, сондай-ақ құрылыста қажетті арнайы көліктерді шығаруда тәжірибесі мол екендігіне ерекше тоқталды. Дәл осы арнайы техниканың соңғы жылдары дүние жүзінде үлкен сұранысқа ие болып отырғандығын баса айтқан ол бұл әріптестіктің екіжақты тиімді болатындығына сенім білдірді. - Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттері арасындағы Кедендік одақ шассилерді тасымалдау үрдісін барынша жеңілдетті. Әсіресе, құжат ресімдеуде кедергілер жойылғандықтан, негізгі күшті әріптестікті нығайтуға жұмсаймыз. Болашақта "Оралагрореммашқа" жеткізілетін шассилер санын арттыру арқылы "МАЗ" маркілі автокөлік өндірісін кеңейтуді көздеп отырмыз, - деді ол.Құжатқа қол қою рәсіміне қатысқан облыс әкімінің орынбасары Берік Толымбаев өңір басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетовтің атынан "МАЗ" ААҚ-ның өкіліне алғыс айтып, аталмыш жобаның облыс басшылығы тарапынан кең қолдау тауып отырғандығын жеткізді. Таяу жылдары коммуналдық техникамен қатар қазақстандық мазмұндағы жүк көліктері мен жолаушылар автобусы өндірісін жолға қоюдың маңыздылығына тоқталды.

Источник: ИА "Казинформ"
В статье: Зко, Уральск

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .