Финансы
173110 2011 жылдан бастап қазақстандық әуежайлар табыстарын негізгі қызметтер... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Әуежайларға табыстарын коммерциялық нысандарды дамытудан табуға рұқсат берілмек

2011 жылдан бастап қазақстандық әуежайлар табыстарын негізгі қызметтерінен емес, әуежай ғимаратында мейрамханалар, дүкендер мен басқа да коммерциялық нысандарды дамытудан табатын болады деп жоспарлануда.

Әуежайларға табыстарын коммерциялық нысандарды дамытудан табуға рұқсат берілмек
фото с сайта and.kz

Бұл туралы бүгін Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2010 жылғы жұмысының қорытындысына және алдағы жоспарына арналған кеңейтілген алқа мәжілісте Қазақстан Көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұров мәлім етті. А.Бектұров атап көрсеткендей, әуежайлар монополист болып табылатынына қарамастан, оларға негізгі қызметінен тыс пайда әкелетін басқа табыс көздерімен айналысуға рұқсат беру мәселесі көптен көтеріліп келеді. Қазіргі жағдай бойынша, Қазақстанда монополистердің, соның ішінде әуежайлардың аталмыш қызметтен түскен табыс көлемі 5 пайыздан артпауы тиіс.

Ал халықаралық тәжірибеде жүйе керісінше құралған, яғни әуежайлар табысының басым бөлігі негізгі емес қызмет түрлерінен құралады.

Яғни олар табысты ұшу-қону мен әуе кемелерін отынмен жабдықтаудан емес, коммерциядан, дүкендер мен мейрамханалардан табады.

"Біз де бұл шектеуді алып тастауымыз қажет. Оның үстіне, аталмыш қызмет түрлерінен көретін пайдамыз 60-70 пайызға жетеді деп ойламаймын. Біріншіден, бізде жолаушылар ағыны аз. Бірақ біз соған ұмтылуымыз қажет. 5 пайыздық шектеу - әуежайларға бұл қызмет түрімен айналысуды бастауға кедергі болып отыр. Пайымдауымша, бұл мәселе ағымдағы жылы шешімін табады", - деді ол.

 

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .