173089 Вице-министр Бектұровтың айтуынша ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстанның әуежайлары әлемде ең қымбат әуежай екен

Көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұровтың мәлімдеуінше, Қазақстанның әуежайлары әлем бойынша ең қымбат қызмет көрсететін әуежай болып есептеледі.

Қазақстанның әуежайлары әлемде ең қымбат әуежай екен
фото с сайта kursiv.kz

Бұл туралы ол бүгін Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, мәселенің себебі еліміздің әуежайларындағы қызметтерді пайдаланушылар өте аз.

Өз кезегінде бұл әуежайда көрсетілетін қызмет құнын көтеруге мәжбүрлеп отыр.

Еуропадан Азияға ұшатын әуе кемелері жол-жөнекей бірнеше әуежай арқылы өтеді де, олардың ең тиімдісіне қонады.

Осы орайда еліміздің транзиттік тартымдылығын арттыру үшін шетелдік компанияларға арналып 2010 жылы Қызылорда қаласында әуежайдың құрылысы аяқталды.

2010 жылы Қызылорда қаласында әуежайдың құрылысы аяқталды.

"Сондай-ақ Ақтау мен Көкшетаудағы ұшу және қону алаңдарын қайта жөндеу жұмыстары басталды. Ал болашақта көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарлама аясында еліміздің өзге де әуежайлары қайта жөнделетін болады", - деді вице-министр.

 

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 8

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .