Финансы
173081 Бұл туралы көреген Көшбасшы – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Алыс ауылдарды көркейту мен халықтың әлеуметтік жағдайын көтерудің бір көзі – инвестиция тарту

Бұл туралы көреген Көшбасшы – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерімен кездескенде жергілікті атқарушы билік алдына нақты тапсырма қойды.

Алыс ауылдарды көркейту мен халықтың әлеуметтік жағдайын көтерудің бір көзі – инвестиция тарту
фото с сайта agrotorg.net

Онсыз ауылды өркендету мен сан-салалы шаруашылық жұмыстарын бүгінгі өркениет талаптарына сай жүргізу қиын. Оны Бақанас ауылының іргесіне орналасқан "Ақдала-Өтес" агрофир­масының бүгінгі тыныс-тіршілігінен байқауға болады. Агрофирма тізгінін танымал кәсіпкер Дүйсен Нұрланов ұстағанда, халық қуанған. Айтқандай, елдің жағдайы алғашқы жылдары жедел жақсарып, көп­шіліктің тілеуі орындалғандай еді.Бертін келе шаруа жайы қожырай бастады. Қаржы тапшылығы қолбайлау болып, жұмысшылар бірнеше ай табан ақы, маңдай терлерін ала алмады. Сондықтан болар, агрофирмада ұзақ жыл істеген тәжірибелі мамандар табыс көзін іздеп, кете бастады. Осы сәтте елді алаңдатқаны – ұлты қытай оншақты маманның агрофирмаға келіп, жұмыс істегені. Елдің арасында "Дүйсен шаруашылықты қытай­ларға жалға береді екен" деген қауесет осылай өрбіп, бірден-бірге жеткен.Биылғы ерте көктемде жер өңдеп, тұқым себетін қытай техникалары шаруашылыққа жеткілікті әкелінді. Бес-алты қытай азаматы егіс басында, төрт-бес қытай азаматы агрофирма президенті Дүйсеннің туған інісі Ғабиттің үйінің жанындағы шағын жер телімінде жаз бойы жұмыс істеді. Қолмен соя, күріш екті. Күріш, соя өсірудің шеберлері болу керек, жаңа тәсілмен егілген егін бітік шықты. Ақдалалықтар мен бақанастықтар оған куә болды.Олар Бақанас ауылы тұрғындарының бақшасына су жеткізетін арықты байлап қойып, жергілікті халықтың ренішін туғызған. Байланған арықта біраз уақыт су болмады. Селолық округ әкімі Дүйсебай Ұйқасбаев аптап ыстықта ел қамын ойлап, мәселені шешу үшін арықтың бойында жүргенін де айтады.– Қытай азаматтарына арықтағы суды екі күн алсаң, бір күн халыққа жібер деген сөзді түсіндіре алмай қойдым. Тіл білмейді екен. Ғабит болмаған күндері халық үшін мен де қатты қиналдым. Үлкен шаруа­шылық иесінің "эксперимент" ретінде пайдаланған учаскесіне село тұрғындарына арналған арықтың суын пайдаланғаны көңіліме қонбады,– деді ол.

Екіншіден, "Ақдала-Өтес" агрофирмасы жұмысшыларына айлық жалақыны кешігіңкіреп беруді дағдыға айналдырды. Науқандық жұмыстар да алғашқы кездердегідей уақытында жүргізілмей, қожырай бас­тады. Оның үстіне жоғарыда айтылғандай, қытай азаматтары агрофирмаға келіп, жұмыс істеп, көзге түсетін су жаңа техникаларын да ала келді. Осыдан соң "Дүйсен інілерінің шаруашылықты басқара алмайтынына көзі жеткеннен кейін жерді қытайларға жалға береді" деген сөздің одан әрі өрістеуіне негіз болғандай.Осы деректерді зерттегенде ауданда жоғарыдағыдай дақпырттың өрістеуіне агрофирманы басқарған Дүйсеннің інісі Ғабиттің де ептеп кінәсі бар деуге болады. Ол жергілікті халықты жинап, ауыл қариялары мен беделді азаматтардың басын қосып, атқарылған жұмыстар, оның болашағы туралы құлағдар еткенде бәлкім, мұндай әңгіме тарамас па еді. Ол туралы агрофирма президенті Д.Нұрлановқа айтқанда, ол оны мойындады.Шынында да бұл біздің жіберген кемшілігіміз. Сырттан инвестиция тартуға күш сала жүріп, жергілікті халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ойымыздан шығарып алыппыз, дейді. Келер жылы агрофирма қытайларды алып келіп, отыз мың гектарға соя, күріш егеді, деген қауесет жергілікті жұртшылық арасында өршіп тұр. Ол жайлы не айтасыз деген сауалға да төмендегідей жауап алдық. Дәл сіздер сияқты атамекенге қытайларды алып келуге қарсы адамдардың бірімін. Бірақ, Елбасы айтқандай ауыл шаруашылығына сырттан инвестиция тартпай, өркендету мүмкін болмай тұр.

Мен ауданға қытай аза­маттарын алып келуді емес, ол елден инвестиция тартуды көздеп жүрмін.

Ол үшін бізде өндірілетін өнімнің экологиялық талаптарға сай таза болатынына қалталы шет ел азаматтарының көзін жеткізу керек. Осындай мақсатпен алдын-ала келісім-шарт жасасып, биыл ауданға Қытайдан оншақты маман алып келіп, өздеріне күріш, соя еккіздім. Алынған өнімдерін олар өздерімен бірге алып кетті. Ол өнімдерді арнайы сараптамадан өткізеді. Айтқандай, экологиялық жағынан таза болса, инвестиция салатындықтарын айтып отыр.Күріш, сояны қытайлықтарсыз өзіміз де өсіре аламыз. Бірақ өндірілген өнімді өткізу қиынның-қиыны. "Бірлік" агрофирмасы ақталған күріштерін алушыларға жарты бағасынан да төмен, елу теңгеден өткізіп жатыр. Жұмысшыларға еңбекақы беру үшін Әбдужапар Қыстаубаев амалсыз осындай қадамдарға барған.

Егер қалталы қытай кәсіпкерлерінің тілін табатын болсақ, олар инвестиция салады. Бұдан біз ұтпасақ, ұтылмаймыз.

Техника мен қаражатты солар береді. Егістік алқапқа күріш, соя егіп, оны күтіп, баптайтын жергілікті адамдар болады. Бірақ өндірілген өнімді өздері сатып алады. Бізге қажеті де осы. Қытайлықтарға экологиялық таза күріш қажет. Ал біз жергілікті халықты жұмыспен қамтимыз әрі мүмкін­дігінше пайда табуға тырысамыз.Қытай азаматтарының елімізге кіріп, шығуы еліміздегі заң талаптары бойынша қатаң қадағаланатыны тү­сінікті. Олар берілген квота бойынша белгілі бір уақытқа ғана келеді. Елімізде болуға рұқсаты біткен күннен кешікпей шығарылады. Оны қытайлық азаматтар жақсы біледі, деді Дүйсен Нұрланов ағынан жарылып.Еліміз бойынша 2008 жылы жарияланған серпінді бағдарламалардың бірін осы "Ақдала-Өтес" агрофирмасы ұтып алып, оның тұсаукесеріне Үкімет басшысы К.Мәсімов қатысқан-ды. Серпінді жобада бес мың басқа арналған мал бордақылау кешені, ет комбинаты және басқа да мал өнімдерін ұқсатуға бағытталған кешенді бағдарламаны жүзеге асыру мәселесі қаралған-ды.

Д.Нұрланов айтқандай, ауданға және қосымша инвестиция тартылатын болса, онда "Ақдала-Өтес" агрофирмасының ғана емес басқа да көптеген серіктестіктердің тамырына қан жүгіретіні анық.

Агрофирма президенті Дүйсен Нұрлановтың алдағы жоспарлары, болашақты зерделей білетін іскерлігі, патриоттығы қуантты. Бірақ халқымыздың көңілге түйіп ұстайтын "Көңілдегі бағаны базар нарқы бұ­зады" деген тәмсілін әсте жадымыздан шығармағанымыз жөн. Келісім-шарт жасасудан аспан асты елі ешқашан ұтылып көрген емес. Мүмкін экономикадағы уақытша дағдарысты пайдаланып, алғашқы жү­рістерін шахмат тақтасындағы "атпен" жүріп, айлаларын асырғалы отырған шығар. Десек те, "шегірткеден қорыққан егін екпейдінің" кебін киіп, қорқақтап, әр нәрседен тартыншақтай берсек, көрші елдерге есемізді жіберіп аларымыз анық. Ең дұрысы, сұңғыла саясаткер, ұлт көшбасшысы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанған сара жолынан айнымасақ, туған ел, қасиетті жері­міздің алдында адал болып, ізденіп, аянбай еңбек етсек, қане. Бұл елдің ертеңін ойлаған, жаңашыл кәсіпкер, "Ақадал-Өтес" агрофирмасының президенті Дүйсен Нұрлановтың ұстанған ұстанымы. Әрине, біз осы мәселе жайлы зерделегенде, оған осылайша көз жеткіздік, қуандық.

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 1

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .