Финансы
172905 Қызылорда облысы Сот актілерін орындау департаментінің ұйымдастыруымен... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қызылорда облысында несиенің уақтылы қайтарылмауын қозғаған дөңгелек үстел өткізілді

Қызылорда облысы Сот актілерін орындау департаментінің ұйымдастыруымен бүгін "Қаржы институттарының құқық қорғау органдарының, сот жүйесінің, сот актілерінің орындалу барысында сот орындаушылармен жан-жақты іс-қимыл жүргізу тәртібі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Қызылорда облысында несиенің уақтылы қайтарылмауын қозғаған дөңгелек үстел өткізілді
Фото: РИА Новости

Аталмыш шараның мақсаты - бүгінгі таңда көптеген азаматтардың несие алып, банк пайдасына қаражатты қайтару мәселесі ақсап тұрғанына орай бақылау жүргізу, банктердің пайдасына қарыздарды өндіру кезінде тұрған өзекті мәселелерді және де атқарушылық өндіріс органдарының қаржы институттарымен қарым-қатынасының қазіргі жағдайын қарастыру.

Қазіргі таңда тек облыс көлемінде ғана емес, республикалық деңгейде бұл мәселе көтеріліп келеді.

Дөңгелек үстелге Қызылорда облысы Сот актілерін орындау департаменті мен сот, прокуратура, Ішкі істер департаменті және Әділет басқармасы, жергілікті екінші деңгейдегі банк қызметкерлері, мемлекеттік тіркеуші органдар өкілдері қатысты.

Сот орындаушыларымен алдағы уақытта сот шешімін орындау үшін банк қызметкерлерімен қосылып атқарылатын шаралар сөз болып, қызу талқыға түсті.

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .