Финансы
172479 Бұл жоба үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша ж... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Ақтөбеде жаңа жылыжай пайдалануға берілді

Бұл жоба үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша жүзеге асты.

Ақтөбеде жаңа жылыжай пайдалануға берілді
фото с сайта ecology.md

Голландық технологиямен өндірілетін өнім азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және бағаны тұрақтандыруға ықпал етеді,-дейді облыс басшылығы. Жылыжайдың құрылысына қажетті құрал-жабдықтар Голландиядан әкелінді. Ал, оның құрылысына негізінен қаржыны "ҚазАгроФинанс" бөлген. Жергілікті бюджеттен де қаржы қарастырылған.Елеусін Сағындықов, Ақтөбе облысының әкімі: - Біз барлық инфрақұрылымды облыс бюджеті есебінен жасадық. Жол, су, жарық, газ тартып бердік. Біз газды осы жылыжайға басқаларға қарағанда әлдеқайда өте арзан бағамен беріп отырмыз.Ақтөбеде, әсіресе қыс айларында қызанақтың бағасы өсіп кететін. Өйткені, сырттан тасымалданатын еді. Енді, баға тұрақтанады. Әрі келешекте ішкі сұраныспен қатар көршілес облыстарға, тіпті Ресейдің шекаралас өңірлеріне экспортқа шығару жоспарда бар, - дейді мамандар.Андрей Тен, Жылыжай директорының орынбасары: - Бұл сорттар селекциялық жолмен ең үздік қызанақтардан алынған. Біз халықтың талғамына сай, көпшілікке ұнайтын ең сапалы тұқымға тапсырыс бердік.

Жаңа жылыжайда голландық технологиямен қызанақ өсіріледі.

Нұргүл Қонақбаева, тілші: - Жаңа жылыжайда голландық технологиямен қызанақ өсіріледі. Бұнда тұқым әдеттегідей қара топыраққа отырғызылмайды. Технологиясы өзгеше. Алғашқы өнімді тұтынушылар сәуір айында пайдалана алады.Шағын су ертіндісі бар ұяшықтарға тұқым бір-бірлеп тасталады. Олардың бой көтеруі, құрамындағы минералды тыңайтқыштары компьютер арқылы бақыланады. Қазір голландиялық агроном қазақстандықтарға өздерінде қолданылатын әдістерін үйретуде.

Голландиядағыдай сапалы өнім аламыз деген сенімдеміз.

Фрэд Фан Кленк, агроном: - Мұнда климаты жағынан Голландиямен ұқсас. Сондықтан, Голландиядағыдай сапалы өнім аламыз деген сенімдеміз.

Жылыжайда жылына мың жарым тонна қызанақ өсіруге болады. Бұл қала тұрғындарының сұранысын толық өтеуге жетеді.

Источник: Хабар

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .