172478 Атырау облысындағы Лиман блогында 3 ұңғыдан мұнай бұрқағы атқылады. ... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Атырау облысында жаңа кен көздері табылды

Атырау облысындағы Лиман блогында 3 ұңғыдан мұнай бұрқағы атқылады.

Атырау облысында жаңа кен көздері табылды
фото с сайта khabar.kz

Лиман блогындағы алғашқы мұнай бұрқағы өткен жылы қазан айында табылған болатын. Онда мұнай 1302 метр тереңдіктен атқылаған. Сол кезде барлаушы геологтар аталған кен орнында әлі де көп мұнай бар деген болжам айтқан еді. Одан әрі барлау жұмыстарының нәтижесінде 1100 метр және 1500 метр тереңдіктен мұнай шығып, геологтардың болжамы шындыққа айналды.

Бұл соңғы 15 жылда табылып отырған ең ірі кен орны, - дейді отандық мұнайшылар.

Жаңа кеніштегі мұнай өте сапалы, құрамында меркаптан мен күкірт сутегісі жоқ. Тәулігіне 24 тонна мұнай беруде. Және жер бетіне жақын орналасқандықтан кенішті игеруде қиындықтар болмайды, - дейді мұнайшылар.

Жаңа кеніштегі мұнай өте сапалы, құрамында меркаптан мен күкірт сутегісі жоқ.

Дәрмен Төреғалиев, Жайық мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы:

- Бүгінгі қолымызда бар сейсмикалық мәлімет бойынша, осы Лиман блогында әлі де 4-5 ұңғы қазылуы керек. Егерде сол ұңғылар "положительный характер" беріп жатса, перспективасы болса, бұл кен орны болашақта бізге игеруге беріледі деп санаймыз. Ол ауданға да біздің мекемеге де үлкен жақсылық әкеледі. Неге десеңіз, жаңа жұмыс орындары ашылады.

 

Источник: Хабар

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 5

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .