Финансы
172279 Жобалық қаржыландыруға жол ашылады ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Мәсімов 2010 жылдың соңғы Үкімет оты­рысын селекторлық режімде өткізді

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалы­ғы­мен селекторлық режімдегі 2010 жылғы соңғы Үкімет оты­рысы болып өтті.

Мәсімов 2010 жылдың соңғы Үкімет оты­рысын селекторлық режімде өткізді
Фото с сайта hackersnews.org.ua

Онда алдағы жылдары еліміздің экономи­ка­лық және қаржылық жағдайын жақсартуға оң ықпал ететін заң жобалары мен бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі талқыланды.

Отырыста ең алдымен Әділет министрі Рашид Тү­сіп­беков 2010 жылы елімізде дайындалған және қабыл­дан­ған заңдар туралы хабарлама жасады.

Оның мәлімдеуінше, жыл ішінде барлығы 40 заң жобасы дайындалып, ұсы­ныл­ған екен. Оның бірқатарына қол қойылып, кейбір заңдар қа­ралу үстінде екен. Үш заң жобасы жоспардан алынып тасталса, бір заң жобасы кері шақырылып алынған көрінеді.

Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова баяндама жасады.

Одан кейін Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова "Қазақстан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне жобалық қаржыландыру мәселелері бой­ынша өзгерістер мен толық­ты­рулар енгізу туралы" Қа­зақстан Республикасы заңы­ның жобасы бойынша баяндама жасады. Ол өз сөзінде би­ылғы жылғы Елбасының Қа­зақ­стан халқына арнаған Жол­дауында ерекше заңдық мәр­те­бесі бар арнайы жобалық ұйым құра отырып, жобалық қаржыландыру принциптерін енгізу қажеттілігі айтылған­ды­ғын атап көрсетті.

Қазақстанда жобалық қаржы­ландыру тетіктерін енгізу жө­нінде жаңа заң жобасы әзір­ленді.

Қазіргі кезде ірі инфрақұрылымдық жобалар бюджеттен немесе ұлттық компаниялардың қара­жат­тары есебінен қаржылан­ды­рылады. Осындай ірі ин­фрақұрылымдық жобаларға жеке инвестициялар тарту қиын. Сондықтан ірі жобалар­ды қаржыландыруға жеке ка­питалды тарту мақсатында, әлемдік тәжірибелерді ескере оты­рып, халықаралық кеңес­ші­лермен әріптестік негізде Қазақстанда жобалық қаржы­ландыру тетіктерін енгізу жө­нінде жаңа заң жобасы әзір­ленді.Жобалық қаржыландыру – бұл бөлінген активтер деп ата­латын, жобаны іске асыру­дан түсетін болашақ жүйелі ақша ағымдары бойынша талап ету құқықтарын беру нә­ти­жесінде тартылған қаржы­ны өтеу және қайтарудың негізгі көзі болып табылатын ұзақ мерзімді жобаларды қар­жы­ландыру әдісі. Жобалық қаржыландыру келісімдерін іске асыру үшін жаңа заң жо­басы бойынша жеке арнайы қаржы компаниясы (АҚК) құрылады. Заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша ұсы­ныстар жобалық қаржылан­дыру негіздерін құруға, кре­диторлардың тәуекелдерін тө­мен­детуге және олардың құ­қық­тарын қорғауды күшей­туге, жеке инвесторлар үшін жоба­лар­дың тартымдылығын арттыруға бағытталған. Заң жобасында қа­ралып отырған негізгі мәселелер бойынша Азаматтық кодекске, Салық кодексіне, "Секьюритилендіру туралы", "Концессия туралы", "Банкроттық туралы" еліміздің заңдарына және басқа заңдарға тиісті өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу қарас­ты­рыл­ған.Осы заң жобасына бай­ла­нысты Үкімет басшысы баян­да­ма­шыға бірнеше анықтамалық сұрақтар қойды. Үкімет бас­шы­сы­ның осы заң аясында темір жол тораптарын салуға, мәсе­лен, Харгос-Жетіген темір жол құрылысына, сонымен бірге электр желілерін салуға жеке капитал есебінен қаржы тартуға бола ма деген сұрағына баянда­машы: бұл заң жобасы елімізде жүзеге асырылатын ірі инфра­құрылымдық жобаларды қаржы­ландыру үшін жеке капиталды және шетел инвесторларын тар­туға барынша тиімді ықпал етеді деп жауап берді.

Сонымен бірге селекторлық режімдегі Үкімет отырысында "Арнайы экономикалық аймақ­тар туралы" (АЭА) жаңа заң жо­басы талқыланды.

"Арнайы экономикалық аймақ­тар туралы" (АЭА) жаңа заң жо­басы талқыланды.

Үкімет мү­ше­лерін бұл заң жобасымен Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау та­ныстырды. Ол өз сөзінде еліміздегі АЭА-лардың қызметіне са­раптау жүргізген кезде бірқа­тар проблемалардың анықтал­ға­нын айта келіп, оларды бас­қа­ру­да және реттеуде тиімсіздіктерге жол берілгендігін, қаржы­лан­ды­ру барысында бюджеттік шығын­дар орын алғандығын, инвестиция тарту тетіктерінің тиімсіз екендігін атап көрсетті. Баян­дамашы жаңа заң АЭА әкім­­шілігін ұйымдастыру­шы­лық-құ­қық­тық негізде акционерлік қоғам түріне ауыстыруға, бұл өз кезегінде басқару органының құ­рамына жеке меншік инвес­тор­ларды, мемлекеттік орган­дар­дың және жергілікті атқару­шы органдардың өкілдерін тар­туға мүмкіндік беретінін атап көрсетті.Елімізде 6 ар­найы экономикалық аймақ құ­рыл­ған. Оның төртеуі: "Астана жаңа қала", "Ақтау" теңіз пор­ты, "Оңтүстік" және Ақпарат­тық технологиялар паркі белсенді жұмыс істеп тұр. Ал "Бурабай" және "Ұлттық индус­триялық мұнай-химия технопаркі" АЭА-лар дамудың бас­тап­қы сатысында жұмыс істеуде.

Премьер-Министр Кәрім Мәсімов сөзінің қорытындысында Қазақстан үшін 2010 жыл барлық  жағынан табысты да бет­бұрыс жылы болғандығын атап көрсетті.

Жан-жақты талқылаудан кейін Үкімет мүшелері аталмыш заң жобаларын бірауыздан ма­құл­дады. Отырысты Премьер-Министр Кәрім Мәсімов қоры­тын­дылап, қаралған мәселе­лерге байланысты өзінің сын-ескертпелерін айтты. Сонымен бірге Үкімет басшысы тарих қой­науына кіргелі отырған 2010 жылдың Қазақстан үшін барлық жағынан алғанда айтулы да табысты жыл болғандығын атап көрсетті. "Барлық облыс әкімдеріне, Үкімет мүшелеріне, агенттіктердің, ұлттық компа­ния­лардың төрағаларына, ат­қа­рушы билік органдарына кіре­тін­дердің барлығына биылғы жылы атқарылған жұмыс үшін шын жүректен алғыс сезімімді білдіремін. 2010 жыл біз үшін шын мәнінде табысты да бет­бұрыс жылы болды", деді Премьер-Министр Кәрім Мәсімов сөзінің қорытындысында.

В статье: Новости Астаны

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 1

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .