Финансы
172199 "ШығысАгроХолдинг" директоры: - Біздің міндетіміз – қаланы қамтамасыз ... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

"ҚазАгро" шаруаларды қолдаудың жаңа бағдарламасын ұсынды

"ШығысАгроХолдинг" директоры: - Біздің міндетіміз – қаланы қамтамасыз ету.

"ҚазАгро" шаруаларды қолдаудың жаңа бағдарламасын ұсынды
фото с сайта fermer02.ru

Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында жем-шөп базасын сатып алуға, сондай-ақ отандық және шет елдік селекциядан өткен аналық мал басын көбейтуге арнайы жеңілдетілген несиелер берілетін болды. Несиенің пайыздық өсімі 6 пайызды құрайды.

Жобаның мақсаты – мал санын көбейтіп, жаңа өндіріс тізбегін құрастыру.

Олар: ұдайы өндіріс – өсіру – бордақылау – дайын өнімді сату. Сарапшылар мұндай жүйе мал санын көбейтіп, оларды есепке алуды жеңілдетеді, тұқымы нашар және аз өнім беретін мал санын азайтып, ветеринарлық мәселелердің болмауына септігін тигізеді деген сенімде. Биыл "ҚазАгро" холдингі Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы ауыл шаруашылықты дамытуға 8 млрд тенге бөлді.

Оған қоса ауыл шаруашылыққа несие бөлетін 17 серіктестікке қаражат бөлді. Ұлттық холдингтің еншілес акционерлік қоғамы сондай-ақ фермерлерге де қол ұшын беруде. Олар шаруалардан астық пен мал өнімдерін сатып алады.

"ҚазАгро" компаниясы көкөніс қоймасының құрылысына 108 млн тенге, ал құс фабрикасын кеңейтуге 2,5 млрд теңге бөліп отыр.

Ержан Ахтанов, "ШығысАгроХолдинг" ЖШС директоры: - Біздің компания тек қана сақтаумен ғана айналыспайды. Қазір біз көкөніс өсіріп, оны сатумен айналысамыз. Ал көкөніс қоймасы сол өнімдеріміздің сатуға дейінгі келбетін сақтауға қажет. Бұл бірінші мақсат. Ал екінші міндетіміз – қаланы қамтамасыз ету.

Источник: Хабар

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .