172152 Үкімет азық-түлік бағаларының дәлізін бекітеді ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Сауда қызметін реттеуге бағытталған заң жобасы қабылданды

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қабылдады. 

Сауда қызметін реттеуге бағытталған заң жобасы қабылданды
фото с сайта stolichny.net

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына Парламент Сенаты енгізген өзгерістерді талқылап, құжатты қабылдады.

Аталған заң жобасының негізгі мақсаты - сауда қызметін реттеу жүйесін жетілдіру, сыртқы сауда қызметінде еліміздің экономикалық мүдделерін қорғау және алға жылжыту болып табылады. Сондай-ақ заң жобасымен отандық тауарларды қолдау және олардың сыртқы нарықтарға жетуін қамтамасыз ету шаралары қарастырылады.

Заң жобасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мақсатында Үкімет тарапынан қолданылатын жүйелі шараларды енгізіледі.

Ішкі сауданы реттеу мен дамыту мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың, уәкілетті органдардың және Үкіметтің құзыреті анықталады. Сондай-ақ заң жобасы бойынша Қазақстанның сыртқы сауда шеңберіндегі міндеттемелерін орындауға бағытталған өзгерістер енгізіледі. Бұдан бөлек, заң жобасы арқылы әлеуметтік мәні бар азық-түлік тауарларының бағасы құрылып, осындай азық-түлік тауарлар бағасын реттеу тетіктері қалыптасады. Оның ішінде сондай тауарларға сауда бағаларының дәлізі бекітіледі.

Аталған шара нарықтағы әлеуметтік тауарларға негізсіз баға өсімін болдырмайды әрі бағаны реттейді.

Мәселен, егер облыстарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда бағаларының белгіленген дәліздері артып кетсе, Үкіметтің осындай облыстарға рұқсат етілген шекті сауда бағаларының мөлшерін 90 күннен аспайтын мерзімге белгілеуге құқығы болады. Ал әлеуметтік мәні бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілетін сауда бағаларының мөлшерін бақылау жергілікті атқарушы органдардың міндеті болып табылады.Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына Сенат 12 түзету енгізген болатын. Бұлардың басым бөлігі редакциялық нақтылау сипатында болып отыр. 

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .