Финансы
171977 Қазақстан ипотекалық компаниясының өкілдері осындай мәлімдеме жасап от... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

2011 жыл Қазақстанның ипотекалық несие нарығы үшін оңтайлы жыл болады

Қазақстан ипотекалық компаниясының өкілдері осындай мәлімдеме жасап отыр.2011 жыл Қазақстанның ипотекалық несие нарығы үшін оңтайлы жыл болады

Мұндай болжам жасуға биыл жылдың ортасынан бастап байқалған сұраныс негіз болады, дейді мамандар. Сарапшылар пікірінше, келер жылы ескі үйлерге деген сұраныс артып, аталған нарықта көп операция болмақшы.

Ал жаңа үйлердің сатылымы осыдан 4-5 жыл бұрынғыдай қарқынды болмайды. Өйткені дағдарыс кезінде құрылыс компанияларының көпшілігі жабылып қалды. Яғни, нарықта қалған мердігерлер жалпы сұранысты қанағаттандыра алмауы мүмкін. Сол себепті ипотека алушылардың саны да аса көп бола қоймайды. Мұндай үрдіс Алматы, Астана, Атырау сияқты ірі қалаларда байқалады.Азамат Ибадуллаев, "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы: - 2007 жылдың жартысынан 2010 жылдың ортасына дейін экономикалық кризис осы елдің әр азаматына әсер етіп отыр. Ол екі жарым жылдан бері біз ешқандай көтерілім түсіп кеткен операциялар жүргізген жоқпыз тоқтап тұрдық. Енді 2010 жылдың жартысынан бері жайлап көтеріліс көріп отырмыз жайлап.

2010 жылдың жартысынан бері жайлап көтеріліс көріп отырмыз

Жыл басынан бері Қазақстан ипотекалық компаниясы 64 млрд. теңгенің несиесін берген. Бұл дегеніміз 22 мың 700 қазақстандық өз баспанасына қол жеткізді деген сөз.Азамат Ибадуллаев, "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы: - ҚИК құрылғаннан бері ипотека жүйесі жұмыс істегелі бері сол жүйеге салынған инвестиция 139 млрд. теңгеден көп болып саналады. Оның ішінен 48 млрд. 747 млн. көп несиелер мемлекеттік құрылыс үй бағдарламасымен жіберілген ақша. Ол ақшамен біз 16 мыңнан көп Қазақстан азаматтарына несие бердік.

Источник: Хабар

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .