Финансы
171879 Билет тегін жеткізіледі ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Темір жол билетін интернет арқылы сатып алу жаңажылдық акциясы жүруде

Темір жол билеттерін интернет арқылы рәсімдеген клиенттерге билет тегін жеткізіледі.

Темір жол билетін интернет арқылы сатып алу жаңажылдық акциясы жүруде
фото сайта pcentre.kz

"Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы 2010 жылғы 25 -31 желтоқсанның аралығында жаңажылдық акциясын өткізуде - Темір жол билеттерін интернет арқылы рәсімдеген клиенттерге билет тегін жеткізіледі, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.Билеттерді www.railways.kz, www.temirzholy.kz, www.pcentre.kz сайттары арқылы сатып алуға болады, ал жеткізу қызметінің телефондары: Астанада - (7172) 94-22-12; 94-31-46 Алматыда - (727) 296-11-36.Еске сала кетейік, "Жолаушылар тасымалы" АҚ 2010 жылдың 20 шілдесінен бастап ақылы қызмет түрін, яғни интернет арқылы рәсімделген темір жол билеттерін клиенттерге жеткізіп беру қызметін енгізді. Темір жол билеттерін үйге, офистерге және қонақ үйлерге қала ішінде жеткізіп беру қызметін курьер жүзеге асырады. Жаңа қызмет жұмыс күндері ғана көрсетіледі.

Билеттерді www.railways.kz, www.temirzholy.kz, www.pcentre.kz сайттары арқылы сатып алуға болады. Билеттерді интернет арқылы  тәулік бойы рәсімдеуге болады.

Билеттерді интернет арқылы рәсімдеу тәулік бойы, ал оларды жеткізу дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 11.00-ден 19.00-ге дейін жүзеге асырылады. Тапсырыс күн сайын сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін поезд жөнелтілгенге дейін бір тәулік бұрын қабылданады, ал билет поезд жөнелтілгенге дейін 6 сағаттан аспайтын уақытта жеткізіледі.

Жеткізу қызметінің телефондары: Астанада - (7172) 94-22-12; 94-31-46 Алматыда - (727) 296-11-36. Қызмет жұмыс күндері сағат 11.00-ден 19.00-ге дейін көрсетіледі.

Курьер билетті талап етілген жерге жеткізген кезде жолаушыға билетті квитанцияда көрсетілген сомаға қолма-қол төлем жүргізіліп, қол қойылғаннан кейін береді.

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .