Финансы
171529 Тікелей телекөпір арқылы ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Президент Алматыдағы балалар тағамын шығаратын зауытты іске қосты

"Біздің сәбилеріміз үшін үлкен шара атқарып жатырмыз, деп ойлаймын. Құтты болсын айтамын!", - деді Мемлекет басшысы.

Президент Алматыдағы балалар тағамын шығаратын зауытты іске қосты
фото с сайта e-lekar.ru

Астанадағы "Қазақстан" орталық концерт залында өтіп жатқан тікелей телекөпір барысында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Алматыдағы еліміздегі балалар тағамын шығаратын алғашқы зауытты іске қосты."Бұл маңызды. Біз еліміз үшін тапшы болып табылатын балалар тағамын шығаратын зауытты іске қосқалы отырмыз. Мен әрқашан Қазақстанда дәл осындай кәсіпорындардың болуын міндет етіп жүктеп келемін. Балалар денсаулығына байланысты, олардың аллергиясына, ана сүтінің жетіспеушілігіне қатысты проблемалар баршылық. Сондықтан, біздің сәбилеріміз үшін үлкен шара атқарып жатырмыз, деп ойлаймын. Құтты болсын айтамын!", - деген Мемлекет басшысы аталған Амриан зауытын іске қосуға рұқсат берді.Зауытты таныстыру барысында Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов зауытта нағыз балалардың денсаулығына лайықталған, әдейі арналып жасалған тағам түрлері шығатынын атап өтті.Оның айтуынша, бұндай зауыт бұрынғы Кеңес одағының құрамында болған елдердегі ең алғашқы бірегей зауыт болып саналады. Онда құны өте қымбат тұратын венгер технология қолданылады. Ал шығаратын өнімді Қазақ тағамтану академиясы шешеді.

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 10

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .