171322 Орал қалалық соты Е.Дустаевты кінәлі деп таныды. БҚО бойынша экономика... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

22 млн. теңге залал келтірген ЖШС директоры тиісті жазасын алды

Орал қалалық соты Е.Дустаевты кінәлі деп таныды.22 млн. теңге залал келтірген ЖШС директоры тиісті жазасын алды

БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті ҚР ҚК 222-бабы 1-бөліміне сәйкес (мекеменің салық төлеуден жалтаруы) "Стройкомплекс" ЖШС директоры Ержан Дустаевқа қатысты қозғалған қылмыстық істі айыптау қорытындысымен сотқа жіберген болатын.

Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қылмыстық қудалау органдары Е.Дустаевқа "Стройкомплекс" ЖШС-інің жалғыз құрылтайшысы әрі директоры бола тұрып, 2008 жылдың 4 тоқсанында салық декларацияларына кіріс-шығыс туралы бұрмаланған мәліметтер енгізу арқылы мемлекет бюджетіне ірі мөлшерде салық төлеуден жалтарғанын анықтады.Е.Дустаевтың қылмыстық іс-әрекетінің салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 22 млн. теңге залал келтірілген.Орал қалалық соты Е.Дустаевты кінәлі деп танып, 4 ай мерзімге қамау түрінде жаза белгілеуге үкім етті.Е.Дустаевтан мемлекет пайдасына 22 млн. теңге өндіріліп алынды.

Источник: ИА "Казинформ"
В статье: Зко, Уральск

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .