Финансы
171301 Маңғыстау облысында асыл тұқымды "Адай" жылқысын өсіретін шаруалар сан... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Маңғыстау облысы асыл тұқымды "Адай" жылқысын өсіруде

Маңғыстау облысында асыл тұқымды "Адай" жылқысын өсіретін шаруалар саны артып келеді.

Маңғыстау облысы асыл тұқымды "Адай" жылқысын өсіруде
фото с сайта thenews.kz

Шөл мен ыстыққа шыдамды, мініске төзімді жануар айрықша жаратылған. Сондықтан да мемлекет бұл жылқыны өсірушілерге субсидия төлеп келеді. Өтес ауылы Адай жылқысын баптаушылардың мекені. Жазира Әбіл, тілші: Асыл тұқымды Адай жылқысын өсіретіндердің хас шебері Өтес ауылында тұрады. Шаруашылық өз жұмысын 1992 жылы бастады. Мал басын несие алып құраған олар, қазір үйір-үйір жылқы айдап, бейнеттің зейнетін көріп отырған жайы бар.Сайлаухан Әнетова, шаруа қожалығының жетекшісі:120 аналық бие, 220 жылқы бар. Жыл сайын мал басын көбейтпесек, азайып келе жатқан жоқ. Алдағы уақытта да асыл тұқымды Адай жылқысын көбейтумен айналысамыз. Адай жылқысының тұқымы қалай сақталып отырғанын ғылыми зерттеу институтының ғалымдары жылына екі рет келіп, тексеріп кетеді. Жылқының ғылыми тұжырымдалған өлшемі бар. Салмағы – 500 келіден асады. Айғырының шоқтығы – 145см. Биіктігі – 1,5 метр, ал кеуде орамы – 172 см болса, жіліншігі – 19 см. Қысы-жазы жайылымда жүретін Қамбар баба тұқымының айғыры үйірін жыртқыштардан қорғайды. Текті мал. Асыл тұқымдылар қатарына жатқызылуы да тегін емес.

Соңғы кездері Адай жылқысы мен түркменнің ақалтекесін будандастырып, қазанаттар алынады.

Қобылан Өміров, жылқышы:Ширақ. Төзімді болады бәріне. Қысқа да, жазға да, ыссыға да. Мініске де төзімді. Ұзаққа шабады. 45 км-ден әріге шабады.Соңғы кездері Адай жылқысы мен түркменнің ақалтекесін будандастырып, қазанаттар алынады. Асыл тұқымды жылқыны көбейтетіндерге мемлекет тарапынан да қамқорлық қарастырылған. Арнайы субсидия бөлініп келеді.

Источник: Казахстан ТВ

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .