Финансы
171234 Мұнай тасымалдауын қаржыландыру туралы ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

"ҚазМұнайГаз" және "ТрансНефть" өкілдері келісімге қол қойды

Мәскеуде Каспий газқұбыры консорциумы жүйесінің тасымал қуатын жылына 67 млн тоннаға дейін ұлғайту жөніндегі жобаны қаржыландыру туралы түбегейлі шешім қабылданды.

"ҚазМұнайГаз" және "ТрансНефть" өкілдері келісімге қол қойды
фото с сайта vesti.kz

Ресейдің энергетика министрі Сергей Шматко мен Қазақстанның мұнай-газ вице-министрі Ләззат Қиынов, Ұлттық "ҚазМұнайГаз" және "ТрансНефть" компанияларының өкілдері мен Каспий газқұбыры консорциумының бас директоры консорциум акционерлерімен келісілген құжаттарға қол қойды.

Жүйенің тасымал қуатын арттыру жұмыстарына кірісуге мүмкіндік беретін құжаттарда жобаның қаржылық-экономикалық, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты тұстар анықталған. Жоба үш кезеңмен жүзеге асырылып, 2014 жылы аяқталады деп жоспарлануда.Сергей Шматко, РФ Энергетика министрі:- Каспий газқұбыры консорциумы жобасы – қазақстандық кен орындарында мұнай өндіру көлемі ұлғайғандықтан, бізді де алға ұмтылуға итермелейтін – бірегей жоба. Тараптар қол жеткізген келісімдер жобаны өзара тиімді шарттарға сай жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Қайыргелді Қабылдин, "ҚазМұнайГаз" АҚ Президенті:- Каспий газқұбыры консорциумының қуатын ұлғайту туралы шешім, Қазақстанда мұнай өндіру көлемі ұлғайтылған кезге сай келді және еліміздегі жаңа кен орындарына қаржы тартуға негіз болады. Сондай-ақ, бұл Қазақстаннан сыртқы нарыққа сенімді жолмен мұнай тасымалдануын қамтамасыз етеді. 

Источник: Хабар

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 3

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .