Финансы
171188 Ақмола облысы, Атбасар ауданында жалпы сыйымдылығы 40 мың тонна болаты... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Атбасар ауданында астық қоймасы ашылды

Ақмола облысы, Атбасар ауданында жалпы сыйымдылығы 40 мың тонна болатын заманауи астық қоймасы ашылды.

Атбасар ауданында астық қоймасы ашылды
фото с сайта profinance.kz

Ол "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингінің" қаржыландыруымен санаулы уақыт ішінде тұрғызылып, пайдалануға берілді. Арнайы технологияның арқасында қоймада бидаймен қатар, рапс дәнді дақылын сақтауға болады. Астық қамбасы америкалық технология бойынша өте қысқа мерзімде салынды. Бұл технологияның негізгі артықшылығы орнатылған қондырғылардың әмбебап қызметінде. Өйткені автоматтандырылған басқару жүйесіне қосылған қойма қол еңбегін қажет етпейді. Сол себепті қойма жұмысына 10-12 адамның еңбек күші жеткілікті. Заман талабына лайықты қойманы салуға 858 млн теңге жұмсалған. "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" жобаны іске асыру үшін 729 млн теңге бөлді. Нұрлыбек Малелов, "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарушы директоры: - Қазақстанда егін бітік шыққан жылы астық сақтау қамбаларына деген қажеттілік ушығатыны белгілі. Осы жайттарды ескере отырып, "ҚазАгро" инвестициялық бағдарламаларының бірі ретінде астық қамбасын жаңарту мен қайта салуды қолға алып, оған 9 млрд теңге қаржы бөлді. Бүгінгі таңда жалпы құны 3 млрд теңгеден аса қаржыға 9 элеватор құрлысы қаржыландырылды. Оның 5-і Ақмола, 4-і Солтүстік Қазақстан облысында бой көтерді. Өрісі малға, қырманы дәнге толы Атбасар ауданында астық сақтау қоймасының ашылуы жергілікті шаруа қожалықтарының мерейін үстем етті. Енді диқаншылардың мол өнімі арнаулы биндарда сақталатын болады. Бұл өндірістік ыдыстардың сыйымдылығы 2 мың тоннаны құрайды.

Арнайы орнатылған температураны есептеуіш қондырғылары арқылы астықтың ылғалдылық көрсеткішін де бақылауға болады. Әдетте бидай 22-23 пайыз ылғылдылықпен қоймаға келіп түседі. Технологиялық тәртіп бойынша желдеткіштердің көмегімен ол 12 пайызға дейін төмендетіледі.Биыл жыл басындағы мәлімет бойынша, республика аумағында сақтау сыйымдылығы 15 млн. тоннаға жуықтайтын 258 астық қамбасы тіркелген. Олардың сақтау сыйымдылығын қамтамасыз ету деңгейі 83 пайызды құрайды. Демек, елімізде астық сақтау қоймасына деген қажеттілік әлі де жоғары. Сол себепті "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" инвестициялық бағдарламасы аясында астық қамбасының құрылысын жандандыруды жалғастыра бермек.

Источник: Хабар

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .