Финансы
170766 Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов атындағы ауданында жұмыс істейтін жер ... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Жамбылдық фирмалар қоршаған ортаға 328 миллион теңгенің зиянын келтірді

Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов атындағы ауданында жұмыс істейтін жер қойнауын игеруші фирмалар қоршаған ортаға 328 миллион теңгеден астам соманың зиянын келтірген.

Жамбылдық фирмалар қоршаған ортаға 328 миллион теңгенің зиянын келтірді
фото с сайта a-stroyka.ru

Бұл туралы Жамбыл облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.Прокурорлық тексерудің қорытындысы бойынша, ауданда кейбір жекелеген тұлғалардың жер қойнауын қазып, бірақ ол жерлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізбегені анықталды. Атап айтқанда, Қордай ауданында "Қақпатас" карьеріне жақын маңдағы Қақпатас өзенінің жайылма алқабында белгісіз біреулердің құм-қиыршық тас қоспасын заңсыз қазып алуының салдарынан 1,2 гектардай жердің беткі қабаты бұзылған. Осындай оқиға Масанчи, Қаракемер және Сортөбе селолық округтерінің учаскелерінде Қарақоңыз өзенінің жайылма алқабында тіркеліп отыр - пайдалы қазбаларды заңсыз өндірудің салдарынан ол жерлерде 1 гектардай жердің беткі қабаты бұзылған. Осындай заңсыздықтар Аухаты ауылының маңындағы тау өзенінің жайылма алқабында  да тіркелген.

 Т.Рысқұлов  ауданының прокуратурасы   жер қойнауын  заңсыз    игергені  үшін және    мемлекеттік   меншік  құқығын      тікелей немесе  жанама  бұзатын  мәмілелер  жасағаны  үшін  Әкімшілік  құқықбұзушылықтар туралы   кодекстің 122-ші бабы  бойынша   "Бақнұр-Инвест" ЖШС мен   "Еркін-Бестерек" ЖШС-нің  үстінен   әкімшілік істер қозғады.

Келтірілген шығынның  жалпы көлемі 328,2  миллион теңгені  құрап отыр.   

Аталған  фирмалардың  қоршаған ортаға келтірген  шығынын  анықтау  үшін  прокуратура  маркшрейдерлік     шаралар  жүргізді.  Нәтижесінде,  "Бақнұр-Инвест" серіктестігінің  Қарақыстақ селолық   округінің Қазақ ауылындағы  карьерден 20,7 мың текшеметр саз-құмды  тау жынысын, "Еркін-Бестерек" серіктестігі   Жаңатұрмыс  селолық округінің     Жаңатұрмыс   ауылындағы №1  және №2 карьерлерден сәйкесінше,  113,7  мың  текшеметр және  43,4 мың  текшеметр  саз-құмды  тау  жынысын  өндіргені   анықталды.  Келтірілген шығынның  жалпы көлемі 328,2  миллион теңгені  құрап отыр.   

Прокуратура   келтірілген экономикалық  шығынды өтеу  және    қабаты   бұзылған жер учаскелерін қайта қалпына келтіру  үшін   аталмыш  екі   серіктестіктің    үстінен  сотқа  шағым берді.

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 1

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .