170757 Ірі құрылыс компанияларының басшылары мен өкілдерінен тұратын қазақста... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстандық құрылыс компаниялары Сауд Арабиясының нарығын игеруге қызығушылық танытуда

Ірі құрылыс компанияларының басшылары мен өкілдерінен тұратын қазақстандық делегация Жидда қаласында іссапармен болып қайтты.

Қазақстандық құрылыс компаниялары Сауд Арабиясының нарығын игеруге қызығушылық танытуда
фото с сайта ayda.ru

Сауд Арабиясының бизнес құрылымдарымен өзара тиімді қарым-қатынастарды орнату мақсатында үстіміздегі жылғы 11-12 желтоқсан аралығында "Базис-А" корпорациясы, "Азбука жилья" холдингі, "ABS Group", "Әлем құрылыс", "СМР-Павлодар", "Геостройсервис" және "Жаңа технологиялар мен консалтинг орталығы" АҚ секілді ірі құрылыс компанияларының басшылары мен өкілдерінен тұратын қазақстандық делегация Жидда қаласында іссапармен болып қайтты, деп хабарлады Қазақстанның Сауда арабиясындағы Елшілігінің баспасөз қызметі.Сапар барысында қазақстандық бизнес делегациясы Жидда қаласының Сауда-өнеркәсіптік палатасының басшылығымен, Корольдіктегі ірі құрылыс және девелоперлік компанияларымен маңызды келіссөздер өткізді, сондай-ақ қазақ-сауд бизнес-форумына қатысты.Сонымен қатар, делегация мүшелері Сауд Арабиясының ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі болып табылатын Король Абдалла атындағы экономикалық қаланың аумағы және салынып жатқан құрылыс нысандарымен танысып қайтты. Аталмыш жобаның ауқымы мен іске асырылудағы қарқынды құрылыс жұмыстары қазақстандық құрылыс қомпанияларының басшылары мен өкілдеріне үлкен әсер қалдырды.

Қазақстандық делегация сауд тарапына осындай арнайы экономикалық және индустриялық қалаларды салудағы Корольдіктің тәжірибесімен жақын танысу ниетін білдірген болатын. Өз кезегінде сауд тарапы қазақстандық әріптестерінің осы саладағы өзара тиімді ынтымақтастықты орнатуды қолдап, Сауд Арабиясында, Король Абдалла атындағы экономикалық қала сияқты басқа да бірқатар жаңа инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды.Осы ретте атап өтетін нәрсе, Жидда мен Мединаның ортасында орналасқан Король Абдалла атындағы экономикалық қала Сауд Арабиясының индустриялық және инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде Үкімет тарапынан іске асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалардың бірі болып табылады. Болашақ қаланың аумағы 168 шаршы шақырымды құрайды, яғни ол Біріккен Араб Әмірліктеріндегі территориясы жағынан Ажман әмірлігі аумағының 65 пайызына немесе Лихтенштейн Княздығының жалпы жер көлеміне тең келеді.

Жоба бойынша аталмыш қала қазіргі заманның халықаралық стандарттарына сай жабдықталған теңіз аймағы, өндіріс кешендері, "Қаржы аралы", "Білім аралы", тұрғын ықшамаудандары және демалыс орындары сияқты алты ауданнан тұратын болады. Жобаны кезең-кезеңмен іске асырылуы жоспарлануда. Сауд Үкіметі атынан тапсырыс беруші Сауд Арабиясының инвестиция жөніндегі бас агенттігі (САГИА) аталмыш жобаны іске асыруды Шығанақтағы ірі құрылыс компаниялардың бірі "Emaar Properties" холдингіне тапсырған еді.САГИА ақпараты бойынша, 2020 жылдың қарсаңында іске асырылуы тиіс осындай ірі мега-қалалар елдің ішкі жалпы өнімін 150 млрд АҚШ долларға арттырып, 1,3 млн. халықты жұмыс орнымен қамтамасыз етеді деп күтілуде. Экономикалық калалардағы халықтың саны Дубай халқының санынан 3 есе көп, ішкі жалпы өнімі жағынан Сингапурмен тең және аймағы Гонконгтың жалпы жер көлемінен 4 есе көп болады деп күтілуде. Осы мегаполис жобаларын дамытуда дәнекерші және кепіл ретінде Сауд Үкіметі басты рөлді атқарады, ал жеке сектор жерді иелікке ала отырып, өз қаржысына осы жобаның құрылысын қамтамасыз етеді.

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .