170604 Неліктен бұл салаға мемлекет көбірек назар аудармайды? ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Шұбат ұлттық бренд болу керек

Қазақстанның шынайы аграрлы мемлекетке айналуы үшін әлі де қыруар шаралар талап етілетіні анық.

Шұбат ұлттық бренд болу керек
фото с сайта tadahii.ru

Ықылым заманнан қазақтың тыныс‑тіршілігі, күн көрісі өзі қадірлейтін төрт түлікке, оның өсіміне, өніміне байланысты болғаны рас.

Сонымен бірге халық арасында "мал‑жанды" қатар сұрастырып жатуы да төрт түліктің тіршілігіне бей‑жайлықпен қарамайтындығын білдіреді. Ілгері заманда солай болса, азық‑түлік қауіпсіздігінің рөлі артып отырған бүгінгі заманда қазақ үшін ата‑бабасы ерекше қадірін білген мал өніміне қатысты көзқарасты одан сайын тереңдете түсетін уақыт жеткен тәрізді.Оның үстіне, билік тарапынан азық-түлік кешені жүйесінде мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұлғайту ауыл шарушылығы саласының басым бағыттарының бірі ретінде белгіленіп отыр. Сондықтан да, Қазақстанның шынайы аграрлы мемлекетке айналуы үшін әлі де қыруар шаралар талап етілетіні анық. Оның ішінде төрт түлікті асылдандыру ісінің өзектілігі айқын. Әрине, төрт түлік туралы айтқанда оның қайсыбірінің артықшылығын ескеріп, қайсыбірінің кемшіліктерін алға тартудан аулақпыз. Әйтсе де, атам қазақтан "Жылқы - малдың патшасы, түйе - малдың қасқасы" деген сөз бекер қалмаған тәрізді. Осы тұрғыдан алғанда әлемнің озық медицинасы мойындап, өркениетті елі мақұлдасып жатқан түйе малының өнімін, өсімін арттыруға жүйелі мемлекеттік көзқарастың жетіспей тұрғаны байқалады. Дәл осы мәселені, осы аптадағы Мәжілістің отырысында депутат Мұрат Әбенов көтерген болатын."Қазақстандағы 180 млн. гектардан астам жайылымдылық жердің 80 млн гектары шөл және 36 млн гектары шөлейіт аймақта орналасқан. Бүгінде осы жайылымдылық жердің 43 пайызы ғана пайдаланылуда. Бұл мал шаруашылығын дамытудың орасан әлеуеті пайдаланылмай жатқанын көрсетеді. Жергілікті халықтың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесі осындай өнімділігі төмен жайымдылық жерді қой, жылқы және түйе шаруашылықтарын епті үйлестіру арқылы ғана тиімді пайдалануға болатынын айқындайды", дей келе депутат, түйе малының басқа түліктен ерекшеліктеріне тоқталады.Оның айтуынша, түйе еліміздің қатал климаттық және азық жағдайларында өмір сүруге бейім болғандықтан жайылымдылықты басқа ауыл шаруашылығы малдарына зиянын тигізбей жыл бойы пайдалана алады. Бұл аз шығынмен өзіндік құны төмен өнім алуға мүмкіндік береді. Депутаттың келтірген деректеріне қарағанда, соңғы жылдары түйе санының тұрақты өсуі байқалып отыр. Мысалы, 2004 жылы республикада 125,7 мың бас түйе болса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 158,6 мыңға жеткен, яғни 6 жылда түйе басы 26,1 пайызға көбейгн. Бұл ретте, республикадағы түйе санының 80 пайызы Маңғыстау (46,5 мың бас), қалғандары Атырау (31,4), Қызылорда (28,1), Ақтөбе (16,6) облыстарында өсіріледі екен."Елдің кейбір өңірінде биылғы ұзаққа созылған қуаңшылыққа байланысты қалыптасқан жағдай экономикалық тұрғыдан тәуекелге бел буып, жер шаруашылығын дамытқаннан гөрі, мал шаруашылығын, оның ішінде осы аймаққа бейім түйе шаруашылығын дамытуға ерекше назар аудару қажеттігін көрсетті. Өйткені, республикада түйе шаруашылығын дамытуға қатысты ауқымды әлеуеті әлі де өз мүмкіндігін түгеспеді. Өткен ғасырдың отызыншы жылдары мемлекетіміздегі түйе саны 1 млн. 125 мың басты құрап, қазіргі деңгейден 7 есе артық болған.

Түйе сүтінен өндірілетін дәстүрлі өнім мемлекетіміздің ерекшелігі ретінде табылады және ол дұрыс дамып, мемлекеттік қолдау тапса халықаралық нарықта біздің үлгі боларлық "брендіміз" не жаңа табыс көзіне айналары анық

Сол кездері Қазақстан бүкіл әлем бойынша алдыңғы қатарда еді. Тіпті, 1986 жылы Қазақстанда бүкіл КСРО-ның жалпы 50 пайыздан астам түйесі шоғырланған екен. Жыл сайын 65 пайыздан астам түйе еті, дәл сондай түйе жүні мен барлық түйе сүті (шұбат) өндірілген. Түйе шаруашылығының қазіргі жағдайына қарамастан біздің еліміз дүние жүзінде түйе өсіруден озық саналады. Сондай-ақ түйе сүтінен өндірілетін дәстүрлі өнім мемлекетіміздің ерекшелігі ретінде табылады және ол дұрыс дамып, мемлекеттік қолдау тапса халықаралық нарықта біздің үлгі боларлық "брендіміз" не жаңа табыс көзіне айналары анық", ‑ дейді депутат М. Әбенов. Бұл ретте депутат түйе шаруашылығының дамуын тежейтін бірқатар мәселелерге назар аудару қажеттігін алға тартады.Біріншіден, асыл тұқымды түйе басы үлесінің аздығы. Түйе санының тұрақты дамуына қарамастан, бұл саладағы өнім өндірудің төмендеуі байқалады. Мысалы, 2008 жылы 5 460 тонна түйе еті, 11 428 литр сүт, 463 тонна жүн өндірілсе, 2009 жылы сәйкесінше, 5 268 тонна ет, 10 654 литр сүт және 442,4 тонна жүн өндірілген. Ал асыл тұқымды түйе саны республикадағы түйе санының 10 пайыздан төмен болып отыр. Бүгінгі таңда түйе шаруашылығы қорын жалпы саны 16,5 мың бастан тұратын 36 асыл тұқымды мал шаруашылығы құрайды. "Көптеген шаруа және фермерлік қожалықтарында, үй жағдайы жөнінде айтпағанның өзінде селекциялық жұмыс тіпті жүргізілмейді де. Аталған саладағы бұл жағдай түйе шаруашылығында малдың асыл тұқымды құндылығын бағалайтын арнайы дайындалған мамандардың болмауынан қалыптасып отыр", - дейді депутат.Екінші мәселе - өндірістің ұсақ тауарлығы. М. Әбдуләмитұлының пікірінше, нарықтық өзгерістер ірі түйе өсіру шаруашылықтарын ұсақ шаруа қожалықтарына бөліп жіберген. Бұл түйе басының кемуіне, малдың және осы саладағы өнім өндіру өнімділігінің төмендеуіне әкеп соқтырған.

Басты мәселе - мемлекеттік қолдаудың жеткіліксіздігі.

Үшінші мәселе - мемлекеттік қолдаудың жеткіліксіздігі. Бұл ‑ басты мәселе болса керек. "Қазіргі кезде түйе шаруашылығын дамытуға байланысты нақты мемлекеттік саясат жоқ. Өткен жылы Парламент Мәжілісі депутаттары тарапынан Үкіметке түйе шаруашылығы өнімдерін (ет, шұбат пен жүн) субсидияланатын мал шаруашылығы өнімдерін тізіміне енгізу жөнінде депутаттық сауал жолданған болатын. Шұбатты субсидиялау мәселесі шешімін тапқанымен, түйе шаруашылығы дамыған өңірлерде бөлінген қаржының әділ және ашық жүрмегені жөнінде наразылық басым. Сонымен қатар, түйе еті мен жүні әлі де субсидиялауға жатпайды.Түйе шаруашылығының дамуын тежеп отырған келесі мәселе - түйе өсіру шаруашылығы өнімдерін зерттеу мен оларды дәріптеудің төмендігі. "Түйе өсіру мал шаруашылығы өнімдерінің жоғары сапалы, экологиялық таза өндірісін қажет ететін бүгінгі нарық жағдайында тіпті маңызды. Әсіресе, тұрғындар түйе сүтінің (шұбат) тағамдық, емдік, профилактикалық бірегей қасиеттері жөнінде толық біле бермейді. Түйе сүтінің емдік қасиеттері ең алдымен оның жоғары нәрлілігі, туберкулезден емдеудегі қасиеті, ал қант диабеті кезіндегі ем болатын инсулиннің үлкен көлемде кездесуіне байланысты. Түйе сүті құрамындағы майдың көлемі (6 пайызға дейін) жылқы сүтінен (2 пайыз) үш есеге құнарлы. КСРО кезінде дәстүрлі ұлттық сусындарды зерттеу бірнеше факторлар себебінен ешқашан стратегиялық маңызды болған емес. Түйе сүті мен өнімдерін өңдеу сол Кеңес кезінен ақ ешқандай нормативті құжаттары жоқ. Бұл бақылау мекемелері мен түйе сүті мен оның өнімдерін жабдықтаушы фермерлер арасында түсініспеушілікті тудыруда", ‑ деген депутат М. Әбенов, "түйе өсіру шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясының дамымағандығын" алға тартады. Бұл бесінші мәселе.Депутаттың айтуынша, Қазақстан ғалымдары түйе жүнін қырқудың технологиясын жасап шығарған, тез бұзылатын сүт пен одан шығатын өнімдерді сақтау мерзімін ұзартуға және алыс қашықтықтарға тасымалдауға мүмкіндік беретін түйе сүтін қайта өңдеу мен консервілеу технологиясы патенттелген. Сондай ақ жайлауда 50-60 бастай түйе мен оның 50-60 ботақандарына қызмет ететін шағын сүт құралғысы жасалған. "Алайда, ғалымдардың бұл еңбегі қаржыландыру болмағандықтан пайдаланылмай тұр. Мысалы, Израильде түйе сүтінен диабеттердің аз ғана тәттілері саналатын қант қосылмаған йогурт пен балмұздақ жасайды. Әлбетте, бұл технологияны Қазақстанда да қолдануға болар еді", ‑ дейді депутат. Бұл ретте М. Әбдуләмитұлы түйе шаруашылығының бүгінгі даму қарқыны қолда бар нақты мүмкіндіктерге сәйкес келмейтінін айтып, саланы дамытуға қатысты бірқатар ұсыныстарды тізіп шықты.

Бұл салаға шындығында да мемлекеттік саясатты күшейткен ләзім.

Қазақта түйеге қатысты "Түйе кедейдің малы" деген де сөз бар. Әсілі басқа түлікке қарағанда оның күй талғамайтын артықшылығына байланысты айтылса керек. Дегенмен, осы "кедейдің малының" сүтіне һәм жүніне қатысты әлем елдері ерекше ілтипатты пікір білдіріп жатыр. Сол тұрғыдан қарасақ, бұны да баспасөзде көтеріліп жүрген қазақтың "көп брендінің" қатарына қосуға жарарлық екен. Соңғы уақытта Жа­понияның, бірқатар Еуропа елдерінің АҚШ пен Австралияның ірі ком­пания­лары тарапынан түйе сү­тінің өнім­дерін өңдеу тех­но­ло­гияларына деген қызы­ғу­шылықтың артып отырғаны соны аңғартса керек. Ендеше, бұл салаға шындығында да мемлекеттік саясатты күшейткен ләзім.

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 11

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .