170577 Онда мал шаруашылығын дамыту, экспортқа шығатын өнімді көбейту, фермер... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

"ҚазАгро" өкілдері оңтүстікқазақстандық шаруалармен кездесті

Онда мал шаруашылығын дамыту, экспортқа шығатын өнімді көбейту, фермерлерге көмек көрсету мәселесі талқыланды. 

"ҚазАгро" өкілдері оңтүстікқазақстандық шаруалармен кездесті
фото с сайта agro.altai.ru

"ҚазАгро" малшаруашылығымен айналысатын шаруаларға арналған шағын және орта бизнесті өркендету бағдарламасын ұсынды. Алғаш рет малшылардың талапқа сай салынған қора-қопсысының шығыны мен аналық мал басын көбейтуге субсидия беру қарастырылып отыр.

Кездесуде шаруалар зоотехник, веттехник, агроном секілді мамандардың тапшы екенін айтты.

Оңтүстік Қазақстан облысында қара мал мен қой басы жыл сайын артып келеді. Бірақ, оның көбі асыл тұқымды емес, сондықтан да өнімділігі төмен. Әрі малдың дені ұсақ шаруашылықтарда. Бұл мал тұқымын асылдандыру мен озық әдістерді пайдалануға мүмкіндік бермейді.

Нармұқан Сарыбаев, "ҚазАгро" АҚ департамент директоры:

- 50 бас малы, жайылымдық жері, инфрақұрылымы болса, 50 бастың үстіне тағы 50 бас мал алуға несие алуы мүмкін. Және сол 50 басқа азық алу үшін айналымдағы ақшасын толтыруға несие алуы мүмкін.

Кездесуде шаруалар зоотехник, веттехник, агроном секілді мамандардың тапшы екенін айтты. "ҚазАгроның" өкілдері оны шешу жолдарын бірлесіп қарастыру қажет деді. "ҚазАгроның" жаңа бағдарламасы ұсақ шаруашылықтардың мәселесін жан-жақты шешуге бағытталған. 

Нармұқан Сарыбаев, "ҚазАгро" АҚ департамент директоры: - 50 бас малы, жайылымдық жері, инфрақұрылымы болса, 50 бастың үстіне тағы 50 бас мал алуға несие алуы мүмкін. Және сол 50 басқа азық алу үшін айналымдағы ақшасын толтыруға несие алуы мүмкін.

Источник: Хабар
В статье: Юко, Шымкент

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .