Финансы
170557 Шекара құрылысы уақытылы басталмаған ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Оңтүстік Қазақстанда 0,5 млрд тенге ысырап болған

Оңтүстік Қазақстан облысында шекара бекеттерінің құрылысына байланысты дау ушығып барады.

Оңтүстік Қазақстанда 0,5 млрд тенге ысырап болған
фото с сайта kazakh.ru

Сарыағаш ауданында екі жыл бұрын бітуі тиіс екі застава мен комендатура құрылысы әлі күнге аяқсыз қалып отыр. Бұл мақсатқа мемлекеттен бөлінген қаржының жарты миллиардын жымқырды деген айыппен мердігер компанияның басшысы түрмеге қамалды. Бірақ кәсіпкер Сәкен Жұмабеков сот үкімімен келіспей, құзырлы органдарға арыздануда. Мәселенің мән жайын өңірлік тілшіміз Айнұр Ақбаева тарқатады.

"Жуантөбе", "Ынтымақ" шекара заставалары мен "Келес" комендатурасының құрылысы осыдан 3 жыл бұрын Өзбекстанмен шектесетін жерде басталуы керек болатын. Ол кезде тендерді Сәкен Жұмабеков басқаратын "ТТ" компаниясы жеңіп алды.

Жобаға алғашқы траншпен 1 миллиард 80 миллион теңге де дер кезінде бөлінді. Бірақ неге екені белгісіз құрылыс басталмады. Бұдан хабардар болған аудиторлық компания тексеріс жүргізіп, жарты миллион теңгенің ысырап болғанын анықтайды. Сөйтіп, Сәкен Жұмабековке ақшаны жымқырды деген айып тағылып, 5 жылға сотталып кетеді. Бірақ кәсіпкердің әкесі баласын қорғап, құзырлы органдарға арызданып жүр.

Қабжан Жұмабеков - сотталушы мердігердің әкесі - "Астанадан келген генерал ма полковник па біреуі келіп баламнан ақша талап етті. Балам банкке барып ақшаны алды. Кассаның алдында ақ сол 100 мың долларды санап берді. Мен балама ертең бұған қалай жауап бересің деп едім, сұрап жатыр бермесем болмайды, қорқамын деді". Қабжан Жұмабеков генералдардың атып атап түсін түстемесе де олардың бұл жолы құрылысқа бөлінген қаражаттың 100 мың долларын алдыртқанын айтады. Бұдан кейін де шенділер баласын бопсалап, бірнеше рет қомақты қаржыны қалталарына басады. Осының кесірінен құрылыс уақытылы бастамаса керек. Ал, кәсіпкердің қорғаушысы жарты жылдан бері істі қайта тергеуді талап етіп жүр. Алайда, нәтиже жоқ. Талғат Нұржанов - сотталушының қорғаушысы - "Тергеудің бәрі біржақты жүргізілді. Атүсті қаралды. Тек айыптау керек болған сияқты. Мен солай деп есептеймін. Тергеу жағынан көптеген кемшіліктерге жол берілді. Тура бір Жұмабековты соттауға тапсырыс берілген сияқты". Тіпті, адвокаты Сәкен Жұмабековке түрмеде қысым көрсетіліп жатыр дейді. Оның айтуынша абақтыға белгісіз біреулер келіп, қылмысты толық мойныңа ал деп қорқытатын көрінеді. Бұл іске байланысты біздің арнамыз да Шекара қызметіне, Бас прокуратура мен қаржы полициясына сауал жолдаған еді. Өйткені, Жұмабековтер тек шекара қызметінің басшылығының ғана емес, оңтүстік қазақстан судьялары мен қаржы полициясы мамандарының үстінен де шағым түсірген-ді. Дегенмен, бізге жауап қайтқан тек Қаржы полициясы ғана. Оның өзінде хат жіберіпті. Онда қаржы полициясы кәсіпкердің әкесі түсірген арыз бойынша тергеу жүргізгені айтылады. Бірақ құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларының қылмыс жасағаны дәлелденген жоқ деп мәлімдейді. Әрі қаражат жымқырды деп сотталған Жұмабеков тергеу кезінде, не сот отырысында ҚР Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мемлекеттік сатып алу бөлімінің жоғары лауазымды офицеріне 250 мың доллар ақша бергенін хабарлаған жоқ деп жауап жазды. Айнұр Ақбаева - тілші - "Дей тұрғанмен қазір бұл іске қатысты тағы бір дерек анықталды. Ішкі істер министрлігінің әскери тергеу басқармасы Шекара қызметі директорының бұрынғы орынбасары Хасановтың үстінен қылмыстық іс қозғапты. Ол "Ынтымақ", "Жуантөбе", "Келес" заставаларындағы құрылыс жұмысы аяқталды деп жалған актіге қол қойғаны үшін айыпталып отыр".

Источник: 7 канал
В статье: Юко, Шымкент

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 6

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .