170351 Неміс технологиясымен жасалған қазақстандық аккумуляторлар Еуропа нары... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстан аккумуляторлары экспорталануы мүмкін

Неміс технологиясымен жасалған қазақстандық аккумуляторлар Еуропа нарығына шығуы мүмкін.

Қазақстан аккумуляторлары экспорталануы мүмкін
фото с сайта damu.kz

Қазақ пен немістің экономикадағы ынтымағы күн өткен сайын нығайып келеді. Аккумулятор батарейлерін өндіретін Қазақстанның "Жерсу пауер" компаниясы мен Германияның "Айкю пауер" кәсіпорны келісімге келді. Жетекші қос компания қазақстандық өнімді экспортқа шығару жөнінде мәміле жасасты. Екі жақты жобаға "КазНэкс инвест" ұлттық корпорациясы қолдау көрсетті. Неміс технологиясымен жасалған қазақстандық аккумуляторлар Еуропа нарығына шығуы мүмкін. Берлинде қазақ пен неміс кәсіпкерлері ортақ келісімге келді. Нарыққа өнім шығаратын кәсіпорын ретінде Талдықорғандағы жаңадан салынған аккумулятор зауыты таңдалып алынды. Бұл жақта өндірілетін өнімінің үштен екі бөлігі өзге елдерге шығарылады. Ерлан Қадырбаев, "ZHERSU POWER" аккумулятор зауытының бас директоры: Бұл жоба үдемелі индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруды үлкен рөл атқарады. Біріншіден, біз инновациялық өнімдеді тартамыз. Сәйкесінше бұл біздің өнімді экспортқа шығаруға мүмкіндік береді. Қазақстан Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдер арасында осы салада алғаш болып технологиялық инновация қолданғалы отыр. Мамандардың айтуынша, бұл игі бастама аккумуляторлардың техникалық сапасын арттырады. Демек, батарейдің қуаты әдеттегіден екі есеге артады деп көзделіп отыр. Чарльз Боб Салливан, "IQ POWER GROUP" компаниясының бас директоры: Бұл біз үшін маңызды бастама. Қазақстанның "Жерсу пауер" компаниясы бәсекеге қабілетті бола алатын кәсіпорын деп сенемін. Біз болашақта өнімдерді Германия және Еуропаның өзге де елдеріне, кейін Ресей мен ТМД нарығына шығарамыз. "Елімізде соңғы жылдары экспорттаушыларды кешенді қолдау қолға алына бастады. Бүгінгі өтіп жатқан шара соның бірден-бір айғағы",- дейді мамандар. Қазақстан мен Германияның қол қойған құжаты отандық экспорттаушылардың қол жеткізген үлкен жетістігі деп санауға болады.

Источник: Казахстан ТВ

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 1

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .