Финансы
170291 Қазан айында қазақстандықтардың депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің ... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстанда депозиттер көлемі 3,3% ұлғайды

Қазан айында қазақстандықтардың депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің жалпы көлемі 3,3 пайызға ұлғайып, 7564,0 миллиард теңге болды (жыл басынан бастап 15,1 пайыз). Қазақстанда депозиттер көлемі 3,3% ұлғайды

Бұл туралы бүгін Ұлттық банктің айлық қорытындыға арналған баспасөз мәслихатында айтылды.Заңды тұлғалардың депозиттері 5438,8 млрд. теңгеге дейін - 3,7 пайызға, жеке тұлғалардың салымдары 2125,2 млрд. теңгеге дейін - 2,1 пайызға өскен. Ал шетел валютасындағы депозиттердің көлемі - 2724,2 млрд. теңгеге дейін - 3,6 пайыз өсім көрсетсе, Ұлттық валютадағы депозиттер 4839,8 млрд. теңгеге дейін немесе 3,1 пайызға (жыл басынан бастап - 30,8 пайыз) ұлғайған. Теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 2010 жылғы қазанда 2010 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 64,1 пайыздан 64,0 пайызға дейін төмендеген.Қазан айында жалпы халықтың банктердегі салымдары 2179,2 миллард теңгеге дейін, яғни 2,0 пайызға ұлғайған. Бұнда теңгедегі депозиттер 1157,8 миллиард теңгеге дейін - 3,0 пайызға, шетел валютасындағы депозиттер 1021,3 миллиард теңгеге дейін - 1,0 пайызға ұлғайған (жыл басынан бастап 6,8 пайызға төмендеді). Нәтижесінде теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 52,6 пайыздан дан 53,1 пайызға көтеріліп отыр.Жалпы депозиттер бойынша заңды тұлғалардың депозиттерінің орташа сыйақы ставкасы - 2,4 пайыз, жеке тұлғалардың салымдары бойынша 9,7 пайызды құрап отыр

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .