Финансы
170135 "Алдағы уақытта теңге құнсызданады деген бос сөз. фото с сайта khaba... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Марченко:теңге тұрақтылығы сақталады

"Алдағы уақытта теңге құнсызданады деген бос сөз.

Марченко:теңге тұрақтылығы сақталады
фото с сайта khabar.kz

Оған еш негіз жоқ. Теңге тұрақтылығы жаңа жылға дейін де, Азиада ойындарынан кейін де сақталады", - деді Ақтауға жұмыс сапарымен келген Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко. Григорий Марченко Ұлттық банктің Маңғыстау облысындағы филиалында болып, қызметкерлермен кездесті.

Аймақтағы қаржы ахуалының жағдайымен де танысты. "Еліміздің индустриалды картасы өзгеруде. Қазір өндіріс еліміздің батыс өңірлері Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе облыстарында қарқынды дамуда. Мұны статистика көрсеткіші көрсетіп отыр", - деді Ұлттық банк төрағасы.

Еліміздің мұнайгаз өнеркәсібі де тұрақты дамуда. Бұл - инвестициялық жағдайды одан әрі жақсартып, екінші дәрежелі банктердің дамуына мүмкіндік беріп отыр. Еліміздегі қаржы нарығындағы жағдай туралы журналистерге берген баспасөз мәслихатында банк төрағасы Қазақстандағы теңге бағамын тұрақты ұстап тұру үшін қажетті жұмыстардың жасалып жатқанын айтты.

Григорий Марченко, ҚР Ұлттық банк төрағасы: - Мұнай, металл бағалары қазір жоғары болып тұрғанда ешқандай теңгенің құнсыздануы, девальвацияның болуы мүмкін емес. Біз теңге құнын тұрақты ұстап тұру мақсатында жыл басында 3,6 миллард АҚШ долларын сатып алдық. Бұл елдегі қаржы ахуалына оң ықпалын тигізді.

Источник: Хабар

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .