169969 Алдағы жылы заут іске қосылады ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Батыс Қазақстанда ешкі сүтін өңдейтін зауыты құрылады

Батыс Қазақстан облысында алдағы жылы ешкі сүтін өңдейтін зауытты іске қосу көзделіп отыр.

Батыс Қазақстанда ешкі сүтін өңдейтін зауыты құрылады
Фото: kumushka.com

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, өңірде ешкі сүтін өндіру және өңдеу зауытын салу жөніндегі жұмыстар 2008 жылдан қолға алынды. "Бисекеш" шаруа қожалығына тиесілі шағын зауыттың өндірістік қуаты күніне 3 мың литрге дейін сүт өңдеуге жетуі тиіс. Жобаның құны - 474 млн. теңге.

Аталған кәсіпорынға Зеленов ауданынан 900 гектар жер бөлінсе, соның бес гектары салынғалы тұрған нысан аумағына жатады.

Зауыт үшін заанин тұқымды ешкілер және сүтті терең өңдейтін итальяндық құрал-жабдықтар сатып алынбақшы.

Бұдан басқа сол ешкілерге қажетті жемшөп қорын жасақтау мақсатында Зеленов және Тасқала аудандарынан екпешөпке арналған жер телімдері бөлінген.

Аталған зауыт жобалық қуатына енгенде, күн сайын майлылығы 30 пайыз 3 мың литр пастерленген сүт немесе 600 литр кілегей, 750 килә сүзбе немесе 350 килә жұмсақ және қатты ірімшік шығарады. 20 адам жұмыспен қамтылады.

Батыс Қазақстанда қазіргі кезде сүті де, еті де ем болып есептелетін 209092 бас ешкі болса, соның 31222-сі шаруа қожалықтарының, 177870-і жеке меншік үлесінде. 54549 ешкісі бар Ақжайық ауданы бұл жөнінен облыста бірінші орында.

Источник: ИА "Казинформ"
В статье: Зко, Уральск

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 1

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .