168625 Еуропалық одақ елдеріне де бұл жайт жайсыз тиіп отыр ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Доллар арзандап, теңге қымбаттай ма

Жаңа жылда теңге нығайып, доллар әлсірейді. Қараша айынан бергі халықаралық қаржы нарығындағы жағдай осыны меңзейді.

Доллар арзандап, теңге қымбаттай ма
Фото: ИА "Новости Казахстан"

Таяуда АҚШ-тың федералдық резерві жүйесі 2011 жылдың II тоқсанында 600 миллиард доллардың америкалық мемлекеттік бағалы қағазын сатып алу туралы шешім шығарды. Халықаралық инвесторлар тағы да көк қағазды басып шығару станогын іске қосқан АҚШ-ты "долларды қасақана арзандатып, тағы бір қаржы дағдарысының басын қылтитуда" деп айыптауда.

Еуропалық одақ елдеріне де бұл жайт жайсыз тиіп отыр. Ал Бүкіләлемдік банк еркін конвертацияның балама жүйесін ұсынуда ұлттық валюта курсын алтын құнына сәйкес белгілеу идеясын ортаға салды. Міне, халықаралық нарықтағы осындай жағдайларға байланысты, отандық қаржыгерлердің пікірінше, келесі жылдың басында бізде доллардың құны 147-ден 141 теңгеге дейін түсуі ықтимал.

Алайда Ұлттық банктің төрағасы Григорий Марченко бұл болжамды жоққа шығарып отыр.

Әлемді тағы бір қаржы дағдарысы­ның қаупімен дүрліктірген АҚШ бұл ша­раға экономикасын қалыпқа келтіру, ұзақ мерзімге белгіленген белгілі бір инфляция деңгейіне кепілдік беру үшін барып отырғанын айтады.

Германияның қар­жы министрі: "АҚШ несиемен көп өмір сүрді, сөйтіп, қаржы секторын қолдан күмпитті, ал өнеркәсіп кешеніне қажетті деңгейде мән бермеді. Енді келіп баспа станогын қосып, доллардың құнын әдейі төмендетіп, бүкіл Еуропаның экономикасына қауіп келтіріп жатыр", – деп әріптесін айыптады.

Оған Америкалық орталық банкі "біз, ең бірінші, шетелдің емес, АҚШ-тың экономикасына мән беруіміз керек" деп жауап берді.

Демек, АҚШ доллардың әлсіреуіне мүдделі. Оны ашық мәлімдеп те отыр. Осыған сәйкес, бүгіндері нақты шара қабылдап, ол бойынша келесі жылы қадам жа­самақшы.

Енді келіп баспа станогын қосып, доллардың құнын әдейі төмендетіп, бүкіл Еуропаның экономикасына қауіп келтіріп жаты

Ал Бүкіләлемдік банк ұлттық валюта курсын алтын құнына сәйкес белгілеу туралы идеяны ортаға салып отыр. Бұл әлемдік қаржы дағдарысынан енді оңалып келе жатқан халықаралық қаржы нарығының тағы бір тығырыққа тап болғанын анық байқатады. Қалай дегенмен де доллардың арзандауы әлем елдерінің ұлттық валютасы­ның нығаюына ықпал етпек.

Әрине, ол теңгені де айналып өте қоймасы белгілі. Халықаралық экономика сарапшысы Ал­ғатбек Қыдырбекұлының айтуынша, бір доллар 147 теңгеден 141 теңгеге дейін арзандап, ұлттық валютаның позиция­сы нығаяды. "Өйткені халықаралық валю­талық нарықта доллар арзандай түседі, бұл сәйкесінше шикізат бағасының да түсуіне әсер етеді.

Мұндай жағдайда шикізат инвесторлар үшін тартымды болады. Ал шикізат игеруші Қазақстанға бұл шетел валютасының бұрынғыдан көбірек ағыла түсетінін байқатады. Мұндай жағдайда теңге өздігінен нығая түседі", – дейді маман.

Дегенмен Ұлттық банк басшысы теңгенің күрт нығаюына жол бермейтіндігін мәлімдеді.

– Біз теңгенің бірден нығаюына жол бермейміз және 2011 жылдың алғашқы жартыжылдығында да доллар құнының 141 теңгеге төмендеуін болдырмауға тырысамыз, – деді Г. Марченко өткен аптада Ұлттық банктің арнайы өткізілген баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Қазақстанның сыртқа тасымалдайтын шикізатының бүгінгі жоғарғы бағасы 2011 жылы да сақталып қала береді. Де­генмен экспорттаушылар тарапынан шетел валютасына сұраныс өскен сайын, теңге де нығая түсуі керек. Ал Ұлттық банк басшысының мәліметінше, теңге мен рубль девальвациясы туралы соңғы кездердегі алып-қашпа әңгіме ішкі нарықтағы жағдайға әсер еткен.

Яғни, бір жағынан, экспорттаушылар тарапынан шетел валютасына сұраныс артса, жергілікті халық ұлттық валютаға айрықша көңіл бөле бастаған.

Осы жағынан алғанда, Марченко мырзаның айтуынша, шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс бір деңгейде жүріп жатыр. "Сондықтан теңге курсы да өте тұрақты, демек, көлемді валюта сатып алу немесе оны сату туралы бізде ешқандай жоспар жоқ", – дейді ол. 2010 жылдың 5 ақпаны мен 2011 жылдың 20 наурызына дейінгі Ұлттық банк белгілеген бір доллардың ұлт­тық валютаға шаққандағы курсының өз­гер­мелі құбылысы 127,5-тен 165 теңге ара­лығында болмақ.

Источник: Алаш Айнасы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 1

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .