168423 Алайда бүгінгі таңда қарыздың уақтылы қайтарылмауы себебінен несие беруші ұйымдар наразылық білдіруде Экономика и бизнес

Қарыз күліп барып, жылап қайтады...

2007 жылдан бастап Екібастұз аймағындағы ауылдарда мал басын көбейтемін деп пейіл танытқандардың біразына пайыздық өсімі төмен шағын несиелер берілген болатын. Қарыз күліп барып, жылап қайтады...

Алайда бүгінгі таңда қарыздың уақтылы қайтарылмауы себебінен несие беруші ұйымдар наразылық білдіруде. Қарыз қайтара алмай отырғандардың дені Сарықамыс ауылдық округінде екен.

2007 жылдан бері бұл ауылдан 19 адам несие алса, оның төртеуі бүгінде облыстағы "Ақнұр" шағын несие ұйымы" ЖШС-ға 1 млн 460 мың теңге берешек.

Өңір ауылдарының тұрғындарына шаруа­шылығын көтеруге қолдау қаржы беретін "Ақнұр" ғана емес. Павлодар облыс­тық ауыл шаруашылығын қолдау қоры да екі жылдан бері бұл іске білек сыбана кі­ріс­кен.

"Ақнұр" шаруаларға шағын несиені 14 пайыздық өсіммен бір-ақ жылға береді, ал об­лыстық қордың қолдау қаржысы екі жылға 9,7 пайызбен келеді.

Докторхан АМАНТАЙҰЛЫ, Сарықамыс ауылдық округінің әкімі:

– Аулымыздың тұрғындары Сабыр Ата­қанов 2007 жылы –260 мың теңге, "Айпара" шаруа қожалығының бас­шы­сы Қуат Шәріпханов 2008 жылы – 400 мың теңге, Болат Нұрахметов 2009 жылы сәуірде 400 мың теңге несие алды.

Аулымызда клуб меңгерушісі бо­лып жұмыс істеген Наргүл Әбдіғалиева да аталмыш ұйымнан былтыр 400 мың теңге несие алып, біраз уақыттан соң қа­рызын қайтармастан, Алматы об­лы­сы­на көшіп кетті. Қазір қарыздар адам­дар­дың әрқайсысымен жекелеген жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Мәселен, жұмыссыз отырған ерлі-зайыпты Ата­қа­нов­тарды жұмыспен қамтамасыз еттік. Наргүл Әбдіғалиеваның да мекен­жайын анықтап, несиені қайтару жөнін­де келісім жасалды.

Нұрлан КҮЛЖАН, Екібастұз қаласы әкімі­нің ауыл шаруашылығы мәселелері жө­нін­дегі орынбасары:

– Шаруалар алған несиелерін қай­тар­майтын болса, облыстық ауыл­ ша­руа­шылығын қолдау қоры мен "Ақнұр" ШНҰ" ЖШС несие көлемін қысқартады. Ал оның қырсығы өзге шаруаларға тимек.

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 1

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .