168422 Қылышын сүйретіп, кәрі құда "басқан жері сықырлап келіп қалды"... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Көмір тапшылығы неден туындады?

Қылышын сүйретіп, кәрі құда "басқан жері сықырлап келіп қалды"... Жылда мерзімімен келетін жылу беру маусымы. Оған дайындықты ерте бастағандар етек-жеңін қымтанып, ағаш, көмір – отынын қаттап жиып, соғымға лайық малын семіртіп жатыр.

Көмір тапшылығы неден туындады?


Республиканың шығысы мен оңтүстігінен жылу отындарының жетіспеушілігі туралы арыз-шағымдар құзырлы органдарға топ-тобымен түсе бастады.


Қамсыздар қар қылаулай бастағаннан жанталасып, әбігерге түскенімен, кеш қимылдағаны өзіне аян. Үлкенді-кішілі мекемелер  кінәні қасындағылардан іздеуде. Бұлардың бірқатары уақытында көмір жеткізілмеуіне қашанғы дағдысымен теміржол компаниясын күстаналайды.


Шындығында, оңтүстік облыстарға көмірдің жеткізілмеуіне кім кінәлі? Вагондардың уақытында берілмеуінің сыры неде?

Жылда қыс маусымы басталарда туындайтын вагон жетіспеушілігі теміржолшылардың ғана емес,  көмір тасымалдаушы экспедиторлық компаниялар, жергілікті әкімшіліктер, жылу қазандықтары орталықтары, көмір өндіруші  кәсіпорындардың бірлесе қимылдамағандығынан ба?

Мұны қай мемлекеттік мекеме, құзырлы орган  үйлестіріп отыруы тиіс деген сұраққа жауап іздеп көрелік.


"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ орта­лық аппаратының әр  дүйсенбісінде өт­кі­зі­летін лездемеде "ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалы – Тасымалдау үдерісі дирекциясының ди­ректоры Ермек Төлегенов үстіміздегі жылдың 10 айындағы тасымалдау жұ­мы­сының 100,9 пайызға орындалғандығын атап өтті. Белгіленген тапсырма 193 883 мың тонна болса, ол меже 195 713,1 мың тоннаға орындалды.

Бұл – өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыс­тырғанда 109,7 пайызға жоғары көр­сет­кіш. Яғни өсім 17 286,1 мың тон­наны құрап отыр. 


Белгіленген тапсырманы "ҚТЖ" ҰК" АҚ Қызылорда (99,4%) және Ақтөбе (97,7%) жол бөлімшелерінен басқалары толығымен орындады.


Ермек Нақыпбекұлының айтуынша, тәу­ліктік жүк тиеу көлемі жоспардағы 660,0 мың тонна болса, 680,1 мың тон­на­ға орындалып, пайызға шаққанда 103-ті құ­рады.


"ҚТЖ" ҰК" АҚ тасымалдау көр­сет­кіш­те­рі тұрақты болса, онда елімізде  көмір же­тіспеушілігі неден туындап отыр деген сұраққа келейік.

Кеніштердегі көмір тиеукөңілден шыға ма?

Республика бойынша үстіміздегі жылдың 10 айында жоспарлы тапсырма 80,7 млн тонна көмір тиеу болса, ол іс жүзін­де 78,6 млн тоннаға, яғни 97 пайызға жет­кізілді.

Оның ішінде республикаішілік бағдарға 48,8 млн тонна көмір жөнелту жоспарланса, ол 52,6 млн тоннаға орындалды.  Бұл 108 пайызды құрайды.


Өткен жылдың сәйкес мерзімімен са­лыс­тырғанда көмір тиеу 10 пайызға артты. Өсім 6,9 млн тоннаны құрады. Рес­пуб­ли­каішілік бағдарға – 1 млн тонна, экспортқа 6 млн тонна артығымен жеткізілді.


Биыл жылу беру маусымына қажет­ті көмір отынын мамыр-қазан айла­рын­да ел аумағындағы тұтынушыларға жет­кізудің жоспарлы міндеттемесі 31,5 млн тонна болса, 29,6 млн тонна көмір тиел­ді.  Жоспардың 94 пайызы. 1,9 млн тон­на көмір тиелмеді.

Алты  кеніште ел ішіне енші бөлуде алалау бар ма?

Республика жұртшылығының негізгі сұра­нысы қызуы мол Шұбаркөл көміріне түсе­ді. Кей жылдары бұл көмірдің оңтүстік об­лыстардағы бағасы тоннасына 10 мың теңгеге жеткені де белгілі.

Үстіміздегі жылдың тоғыз айында "Шұбар­көл көмір" АҚ кәсіпорнынан жос­пар­лы тиеу көлемі 721,26 мың тонна деп бел­гіленсе, ол меже 512,9 мың тоннаға орын­далды. Ол жоспарлы тапсырманың 71,1 пайызын ғана құрайды.


Көмір тиеу жұмысының кешеуілдеуі темір­жол бөлімшесінің бос вагондар қо­рын тиісті деңгейде жасақтамауынан да болып отыр.

Екібастұз өңіріндегі "Богатырь көмір" ЖШС аумағында жоспарлы тапсырма 3505,96 мың тонна болса, орындалуы 3194,3 мың тоннаға жеткізіліп, 91,1 пайыз­ды құрады. Өткен жылдың сәйкес мер­зімімен салыстырғанда жүк тиеу көр­сет­кіші 203,3 мың тоннаға азайды.

Мұның басты себебі – 726 вагонның қа­жет­сіздігі туралы ақпараттың дер кезінде берілуі, 66 вагонның қажетсіздігі туралы ақ­параттардың кешігіп берілуі. Соның нә­ти­жесінде 61 вагонға жүк тиелмей қалды. Сөйтіп, 2538 вагон тиісті жүк тиеу орнына кел­меді. Оның 1821-і теміржол меке­ме­ле­рі­нің кінәсінен делінеді.


"Шығыс" көмір кенішінде жоспарлы тап­­сырма 1803,68 мың тонна көмір тиеу бол­са, орындалуы 1800,7 мың тоннаны құра­­ды. Жүк тиеу көлемі 133 вагонға азайып, 3 мың тоннаға жетті. Бұл 99,8 пайыз­­ды құрайды. Соның салдарынан 195 ва­гон пайдаланылмаса, 200 вагон тиісті орын­­ға  келмей қалды.


Қарағанды өңіріндегі "Арселор Миттал Темір­тау" АҚ кәсіпорны жоспарлы тап­сыр­ма­ны 90,5 пайызға орындады. Міндеттеме 714 мың тонна болса, іс жүзінде 654,9 мың тонна болды. 68,1 мың тоннаға кем. Мұн­да да бос жартылай вагондардың уа­қы­тында жеткізілмеуінен көмір тиел­меді.

Нұрадағы "Бөрілі" кәсіпорны жоспарлы 727 мың тоннаның 606,9 мың тоннасын тие­­ді. Жоспарлы тапсырма 83,5 пайызға орын­далып, 120,1 мың тонна игерілмеді. Себе­бі теміржол бөлімшесі бос вагон­дар­мен уақытында қамтамасыз ете алма­ды.

Дегелеңдегі "Қаражыра" ЖШС 705,87 мың тонна көмір тиеуі тиіс болса, ол 610,2 мың тоннаға орындалды. Яғни 95,6 мың тон­наға кем. Жоспарлы меженің 86,5 пайы­зы ғана орындалды. Бұған да жыл­жы­малы құрамның жетіспеуі себеп болды деседі.

Жоққа жүйрік жетпейді 


Жылу беру маусымына көмір жеткізу жайы­на алдын ала дайындалған "Қазақ­стан теміржолы" ҰК" АҚ барлық мәселеге ке­шенді дайындықпен келді.


"ҚТЖ" ҰК" АҚ Аралас тапсырыстарды жасақ­тау мен тасымалды қамтамасыз ету де­партаменті директорының орынбасары Ертас Бейісбеков ұлттық компания көмір отынын тұтынушы кәсіпорындар мен оны жеткізуші экспедиторлық компаниялардың бас­шыларына жыл басында және көктемде тағы бір қайтара көмір жеткізуді кесте бойын­ша, тиімді ұйымдастыру қажеттігін жаз­баша түрде ескерткендігін тілге тиек ете­ді.


Ал Көмір кеніші жүктерін тиеуді ұйым­дастыру бөлімінің бастығы Геннадий Бочаров "ҚТЖ" ҰК" АҚ-та көмір тасы­мал­дауға  вагондардың жетіспеушілігі жыл­да қайталанатын құбылыс екендігін, оған кем дегенде 5000 вагон сатып алу қажет­тігін алға тартады. Оны экспедиторлық ком­паниялар да, Үкімет те орындауға асы­ғар емес. Өйткені ол вагондар маусымдық кезең­де ғана пайда келтіреді.


Ұлттық компания басшылығы бел­гі­лен­ген межені орындау мақсатында жүк жөнелтушілерге басқа вагонның меншік ие­лерімен келісім жасасуға кеңес береді. Сон­дай-ақ ірі жүк жөнелтуші ком­па­ния­ларға жеке жылжымалы құрамдарын са­тып алудың тиімділігін ескертеді.


Ұлттық компания басшылығы қазан айын­да "Ресей теміржолдары" ААҚ бас­шы­лығымен келіссөз негізінде Ресей Феде­ра­циясы аумағындағы электр стан­са­ла­рына көмір жеткізуді үзіліссіз атқару үшін  1072 вагон көмегін алуға уағдаласты. 


Компания қазіргі таңда республикаішілік бағдарға және әлеуметтік маңызды нысан­дар­ға жылу беру маусымына қажетті көмір жеткізуде жартылай вагондардың жетіс­пеу­шілігін қатты сезінуде. Бұл қиын­шы­лықтан шығу үшін "ҚТЖ" ҰК" АҚ мүкәммәл мүлкі паркін жартылай ашық вагондармен қам­тудың кешенді шараларын атқаруда. Осыған орай республикадан тыс аумақ­тар­ға шығарылатын жүктерге жартылай ашық вагондарды пайдалануға шектеу қойыл­ды.


Қарашаның басында ТМД елдері аума­ғын­да компанияның 4623 вагоны  жүр­ген­дігі анықталды.


Вагонға жүк тиеу және түсіру уақытын же­делдету кезінде технологиялық норманы мүл­тіксіз орындау да тәулігіне 300 вагонды боса­туға болатындығын көрсетті.


2010 жылғы тамыздың 23-інде ұлттық ком­панияның вице-президенті Ермек Қи­за­товтың басқаруымен ел тұтынушылары мен электр стансаларының қажеттілігіне  тап­сырыстарын қамту мақсатында жылу бе­ру маусымына көмір тасымалдауды барын­ша тиімді ұйымдастыру үшін арнайы штаб құрылды.


Компания филиалдарында вагондарды тиімді пайдалануда технологиялық кестені сақ­тауға мониторинг жүргізіледі.  Жарты­лай ашық вагондарды пайдаланудың ерек­­ше жағдайы туралы айлық жария­лан­ды.


Шетелде жүрген қазақстандық вагон­дар­ды жедел қайтару көзделді.  Соның нәти­жесінде бақылау күшейтіліп, пайда­ла­ну нәтижесі жақсарды.

Осыншама ауқымды шараларды жүр­гіз­генімен, шамамен 5000 вагонның жетіс­пеу­шілігі елеулі қолбайлау болып отыр.


Қарашада қарқын үдеді


Еліміздің Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы өңірінен көмір жетіспеушілігі туралы мәліметтер құзырлы органдарға жете бастады. Сол-ақ екен, бірқатар меке­меде қауырт қозғалыс басталды. Ұлт­тық компания да ішкі резервтерді ба­рын­ша тиімді жұмсауға жұмылды.


"ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың соңғы  мәлі­мет­те­ріне жүгінсек, қарашаның алғашқы сегіз кү­нінде оқиға былай өрбіді.


Павлодар стансасынан қарашада 942 вагон­ға 63 920 тонна көмір тиелуі тиіс.  Сегіз тәулікте 235 вагонға 15 957 тонна кө­мір тиелуі тиіс болса, 329 вагонға 22 063 тоннасы тиелді. Бұл жоспарлы тап­сыр­маның 138 пайызға орындалғандығын көрсетеді.


Қарағанды стансасынан қараша айын­да 317 вагонға 21 504 тонна көмір тиелуі тиіс. Сегіз күнде 85 вагонға 5734 тонна тие­луі тиіс болса, 72 вагонға 4926 тонна кө­мір тиелді. Бұл – жоспардың 86 пайы­зы.


  Дегелең стансасынан ай ішінде  4324 вагонға 298 356 тонна көмір тиелуі тиіс. Бүгінге дейін 1153 вагонға 79 562 тонна жүк тиеу жоспарланса, ол межеден асып, 1176 вагонға 81 540 тонна көмір тиелді. Бұл 107,2 пайызды құрайды.


Сонымен, қараша айында көмір кеніш­те­рінен Шығыс Қазақстан облысына бағыт­талып 5583 вагонға тиелген 383 780 тон­на көмір жөнелтілуі тиіс. Бастапқы сегіз күнде жоспар бойынша 1473 вагонға 101 253 тонна көмір тиелуі тиіс. Ол меже 1577 вагонға 108 529 тонна көмір тиеліп, 107 пайызға жеткізілді.


Алматы жол бөлімшесі бойынша бір ай­да 1907 вагон, яғни 131 574 тонна кө­мір қабылдануы тиіс. Бүгінге дейін 445 ва­гонға тиелген 30 701 тонна жүк қабыл­да­нуы тиіс болса, сегіз күнде 1138 вагонға тиелген 78 522 тонна көмір жөнелтілді. Бұл жоспарлы тапсырманың 256 пайызға орын­далғандығын көрсетеді. Яғни жос­пар­лы тапсырма екі жарым есеге дейін арт­қан.

Бұл дау-дамай өрши түссе, ме­ке­ме­лер­дің өзара тіл табысу үдерісінің де же­дел­де­тіліп, шырылдағандардың да ширай түсетіндігін көрсетеді. Қазіргідей алма­ғайып кезеңде жылы орнын босатқысы кел­мейтіндердің қолында жылу отындарын  тасымалдау үдерісін жеделдетуші қозғалыс құ­рал­дарының барлығынан хабар бере­ді.

Дау-дамай неден өршиді?


Мамандардың айтуынша, көмір тасы­мал­даудың айналасында дау-дамайдың жылда өршуі – бұл алдымен жергілікті әкім­шіліктер мен жылу қазандықтары бас­шы­ла­рының жаз бойы "ұзын арқан, кең тұсау" жай­барақаттыққа салынуынан да болып отыр­ған жағдай.


Кей жылу орталықтары ертерек сатып алын­ған көмірдің сапасы қара күзге дейін төмендеп кетеді  дегенді де алға тартады.


Экспедиторлық компаниялар көмір тасы­малдау маусымы кезінде, реті келсе, пай­да көбірек түсетін бағдарларды қамтуға тырысады.


Барлық мекеменің қара күзде ғана қап­талдасып, "ас ішерде керектің..." кері­мен жапа-тармағай вагонға тапсырыс бе­руі көмір кеніштерінің, ірі стансалардың ба­сында түрлі кептелістерді туғызып, кезек­тің бұзылуы салдарының соңы дау-да­майға айналады.

Осы кезеңде жылпос делдалдар көмір оты­нының жетіспеушілігін пайдаланып, баға­сын көтеріп үлгереді. Оның зиянын жер­гілікті қарапайым жұртшылық шеге­тін­дігі белгілі. Ол Үкімет құлағына жетіп, Парламент депутаттары өре түрегеледі.

Бұл – жылда қайталанып келе жатқан дау-дамай. Оны түпкілікті шешудің жолы  көмір тасымалдайтын вагондарды сатып алуға тіреледі. Оған тиесілі қаржы жоқ.

Жылу отынын тасымалдау етжеңді көкелеріміздің қан қысымы іспетті күзде көте­ріліп, көктемде басылады. Жазда ұмы­ты­лады. Экономиканың күре тамыр­ла­ры­ның бойындағы тромбаларын тазарту, кеп­телістерді аршу қай уақытта да қиын­дық­пен келеді.

Источник: Алаш Айнасы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 1

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .