Финансы
168160 Американдық сауда палатасының экономикалық саясат форумында мәлім болды ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі ықтимал

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үшін негізгі әріптестермен екіжақты келіссөздерді биыл жыл соңына дейін аяқтайды. Қазақстан  Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі ықтимал

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан Американдық сауда палатасының экономикалық саясат форумында мәлім болды.

"Аймақтық ықпалдастық бастамаларында Орталық Азия елдеріне Дүниежүзілік сауда ұйымының кірудің тиімділігі мол.

Қазіргі таңда ДСҰ-ға Қырғызстан ғана мүше. Түрікменстаннан өзге елдер кіру кезеңінде тұр. Олардың ішінде Қазақстан өте ілгері келе жатыр. Біз келіссөздер үдерісінде негізгі әріптестермен екіжақты келісөздерді ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтаймыз.

Көпжақты деңгейге ауысу қазір Женевадағы хатшылық деңгейінде жүргізілуде. Бәрі біздің жоспарлағанымыздай жүзеге асса, Қазақстан 2012 жылдың басында ДСҰ-ға мүшелікке енетін болады", - дейді ҚР Экономикалық даму және сауда вице-министрі Тимур Сүлейменов.

Оның айтуынша, ДСҰ-ға мүшелік сауда-саттықтағы басымдығымен қатар, оған кіруге ұмтылған елдердегі экономикалық реформаларды жеделдетеді.

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 4

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .