Финансы
166492 Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Үкімет биыл инфляцияны 6-8 пайыз деңгейінде ұстап тұрмақ

Үкімет биыл инфляция деңгейін жыл басында белгіленген дәлізде - 6-8 пайыз деңгейінде ұстап тұрмақ. Үкімет биыл инфляцияны 6-8 пайыз деңгейінде ұстап тұрмақ

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі "Нұр Отан" ХДП фракциясының кеңейтілген отырысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті.

К. Мәсімовтің айтуынша, ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша еліміздегі инфляция деңгейі 5,2 пайызды құрады.

"Жалпы алғанда Президент тапсырғандай, біз 2009-2010 жылдарда әлеуметтік міндеттемелерді толық орындадық. Бұл баршамызға мәлім",- деген Үкімет басшысы жұмыссыздық деңгейін ұстап тұруда да жоғары нәтижелер көрсетілгенін атап өтті.

Мәселен, Премьер-Министрдің айтуынша, Жол картасы аясындағы уақытша жұмыс орындарын құрудың жартыжылдық қорытындысына сәйкес , соңғы 3 жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткішке қол жеткізілген. Сөйтіп еліміздегі жұмыссыздық деңгейі - 5,6 пайыз құрап отыр.

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 2

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .