Финансы
166345 "Еуразиялық даму банкі" ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстанның астық экспортын ұлғайту жобасын қаржыландырады

Еуразиялық даму банкі Қазақстанның астық экспортын ұлғайту жобасын қаржыландырады.Қазақстанның астық экспортын ұлғайту жобасын қаржыландырады

Бүгін банк пен "АПК Инвест" ЖШС арасында осыған байланысты арнайы келісімге қол қойылды.

Келісімге сәйкес "АПК Инвест" ЖШС банктің қаржылай қолдауы арқылы экспортқа шығару үшін Қазақстаннан астық сатып алуды жүзеге асырады. Жобада Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының шаруашылықтарынан 167 мың тонна астық сатып алу көзделген.

Астықтың 90 пайызынан астам бөлігі банкке мүше елдерге, негізінен Тәжікстанға жөнелтіледі. Банк тарапынан қаржыландыру көлемі 50 млн. АҚШ долларын құрайды. Естеріңізге сала кетейік, тараптар бұған дейін де инвестициялық екі жобаны жүзеге асырған еді. 2008 жылы ЕАДБ тарапынан АПК Инвестке ауыл шаруашылығы техникаларын алып, фермерлерге лизингке беру үшін 3 жыл мерзіммен 70,6 миллион доллар несие берілген болатын. Сондай-ақ 2009 жылы экспортқа жөнелтетін астық сатып алу үшін 50 миллион доллар көлемінде несие берген еді.

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .