166339 Қызылордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 92 млн т өнімі ұсынылды

Егін орағы аяқталған соң ұйымдастырылып отыратын бұл дәстүрлі шараны – балапанды санайтын алтын күздің қортындысы десе болады.Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 92 млн т өнімі ұсынылды

Облыстың барлық аудандары мен Қызылорда қаласына қарасты шаруашылықтар тұтынушыларға барлығы 92 миллион теңгенің өнімдерін ұсынды. Жәрмеңкеде бақша дақылдары әдеттегіден 20 пайыз арзанға сатылды.

Мөлдір Құлмырзаеваның бейнематериалы. Қызылорда облысында асыл тұқымды мал шаруашылықтары көбейген сайын, мал басының саны да артып келеді.

Сол себепті ет пен сүт өндірісі көлемі жыл сайын орташа есеппен 3 пайызға ұлғаюда.Оның пайдасын тұтынушылар көруде.Жәрмеңкеде әсіресе ет сатушылардың саудасы қызып жатыр. Сиыр еті - 650 теңге. Ал, базарда осы ет 100 теңгеге қымбат.

Алтынкүл Арысбаева, қала тұрғыны Базарда біз қарнымыз ашып қайтады.

Дорбамызды толтырғанмен, қарнымыз ашады. Тиынымыздан бір жейді.Таразыдан - екі жейді.

Оны тексеретін адам жоқ.Бүгін ризамыз. Картоп 60 теңгеден, жуа деген -35 теңге , өте жақсы алдық. Тасбөгет кентінің тұрғыны Тиышбике Ерәлиева әдетте қыс азығын осындай жәрмеңкеде түгендеп алады. Биыл да сөйтті. Ол дихандар еңбегіне дән риза.

Тиышбике Ерәлиева, Тасбөгет кентінің тұрғыны Мен картоп алдым-350 келі, 2 қап пияз алдым. Мына сәбіз алдым. Күріш алдым. Балаларымның қысқы азығы. Күзде шамам келгенше жиып аламын.

Ендігі картопқа дейін, бұйырса базымыз бар, сақтап қойып ішеміз. Шалғайдағыаралдықтарбалық саудасынқыздырса, оңтүстікаудандартіл үйірер қауыны мен құрт-майын ұсынды. Бақша дақылдары, жемазықпен қатар осы күні жыңғыл отыны да саудаланды. Алайда аграрлы өңір үшін Сыр маржанын тиімді бағамен өткізу мәселесі әзірге өзекті болып отыр. Мәселен, жәрмеңкеде күріштің келісі 80- теңгеден сатылды. Бұл,әрине, диқандардың ала жаздайғы бейнетін ақтамайды. Асқарбек Жұмаділов, дихан Үлкен базарда 120 теңгеден болып жатыр.

Енді жылына болатын бір жәрмеңке ғой. Сосын шамалы аздап төмен түсіріп беріп жатырмыз. Жақсылық Әлиев, Шиелі аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бастығы Бізде күріштің бағасы төмен болып тұр ғой.

Осыған жақында үкіметаралық меморандумға қол қойылып жатыр. Күрішті Үкімет сатып алатын жағдай болып жатыр. Осыған біз сеніп отырмыз.

Бұдан басқа мынау Өскемен, Шығыс Қазақстан облыстарымен Меморандумға қол қойылған-күріш, тері, жүн дайындап, соған біз жұмыс істеп жатырмыз. Мамандардың есебінше, осы күні ауыл шаруашылық өнімдері тиелген 500-ге жуық көлік жүргізушілердің қаладан алған аздаған керек жарағы болмаса негізінен аудандарға бос қайтты. Әкелінген өнім түгел сатылды. Бұл жақсылық нышаны. Ал, жәрмеңке - бағаны бағындырып, қымбатшылықты құрықтайтын шара ретінде көптің көңілінен шықты.

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .