166265 Cтатистика ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

16 мың адамды жұмысқа орналастырған

Осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Павлодар облысындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін жалдамалы жұмысшылар саны 172,4 мың адамды құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 пайызға артты, деп хабарлайды статистика департаменті.

16 мың адамды жұмысқа орналастырған
Фото с сайта rabota.ua

Осы кезең аралығында еңбекпен қамту қызметіне 22 447 адам өтініш білдірген, бұл 2009 жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 6 748 адамға кем. Жұмыс іздеген адамдардың 2 159-ы ауылды жерде тұрады. 16 069 адам жұмысқа орналасты, оның ішінде ауыл халқы 5 766 адамды құрайды.

Қазанның 1-індегі есеп бойынша кәсіп іздеушілер қатарына 2440 адам тіркелген, бұл былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 874 адамға кем.

Бір қызметкердің орташа айлық көрсеткіші - 64 871 теңге, 2009 жылғы қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда жалақы деңгейі 14,7 пайызға артқан, ал жалпы еңбекақы 7,3 пайызға көбейген.

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .