Финансы
165988 Бұл тауарлардың құны осы айда 50 пайызға күрт қымбаттаған ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Әлеуметтік тауарлардың қымбаттауына не себеп?

Әлеуметтік тауарлардың қымбаттауына не себеп?

Қазан айында кейбір азық-түліктің, көкөністің бағасы екі рет қымбаттады. Әлеуметтік тауарлардың қымбаттауына не себеп?

Ал оның ішінде бағасы лезде шарықтап шыға келгені ұн мен күнбағыс майы болып отыр.

Бұл тауарлардың құны осы айда 50 пайызға күрт қымбаттаған.

Бізге қоңырау шалған оқырмандарымыз: "Біз аграрлы мемлекетпіз, астық та, ұн да, күнбағыс та, май да өзімізде өндіріледі, ал баға неге қымбаттайды?" – деп, бұған өз наразылықтарын білдірді.

Шындығында, әлеуметтік тауарлардың қатарына жататын бұл өнімдердің қымбаттауына не себеп?

Өткен жылдың соңында Үкімет және Ұлттық банк жанындағы Ұлттық сарап­тамалық орталық басқармасы төрағасының кеңесшісі Шәміл Дәуренов азық-түлік бағасының 7 пайызға қымбаттайтындығы туралы болжамын жайып салған еді.

Алайда бұл болжамдағы сан қазіргі қымбатшылықтың жағдайында 5-6 есеге артық болып отыр. Мәселен, күнбағыс майының 1 литрі осыған дейін 200 теңгеге, ал ұнның бір келісі 90 теңгеге бағаланса, қазір базарда бастапқысы 300 теңгеден саудаланып жатса, соңғысына 30-40 теңге қосылған.

Парламент былтыр әлеуметтік тауар­лардың бағасын ауыздықтау туралы заңнаманы бекітіп те қойған. Үкімет те жыл басынан бері азық-түліктің бағасын қым­баттатпау үшін барын салып, түрлі шаралар қолданып жатыр. Аймақтарға да оңайға соғып тұрған жоқ. Әсіресе қуаңшылық орын алып, азық-түлігі тапшы Ресеймен шектесетін облыстарға. Жақында Қостанай облысының әкімі өздерінде өндірілетін көкөністің Ресейге, тіпті Қазақстан ішінде тасымалдануына тыйым салатындығы туралы төтенше бұйрық жасауына осындай факторлар мәж­бүрлеген сыңайлы. Бірақ соған қарамастан, азық-түлік бағасының құрықталар түрі жоқ. Оған не себеп?

Экономика ғылымының докторы, профессор Тоқтар Есіркеповтің болжа­мынша, биылғы инфляцияны құрайтын азық-түлік бағасы болады әрі ол Үкімет жыл басында жариялаған 6-8 пайыздан асып түспесе, кем болмайды.

Тоқтар ЕСІРКЕПОВ, экономика ғылымының докторы, профессор:

– Қазір ұнның қымбаттауын ресми орындар шығынмен байланыстырады. Ал, шынтуайтқа келгенде, олай емес. 2007 жылы тура осындай жағдай орын алып, әлемдік нарықта астықтың, ұнның бағасы қымбаттады. Сол кезде Үкімет жергілікті аймақтардан арнайы тұрақтандыру қор­ларын құрып, "одан әрі асырмау керек" деп қазіргі нан бағасын бекіткен еді. Онда да нан бағасы 1 тонна астықтың құны 250 доллар көлемінде есептеуде құрылған. Ал қазір тұрақтандыру қорлары 1 тонна ас­тықты 26 500 теңгеден сатып алып жатыр. Яғни 200 долларға да жетпейді. Міне, осы құнға барлық шығын кіреді. Сондықтан ұн бағасының қымбаттауы өндіріс шығынынан деу – қате. Нақты мәселе сол жергілікті тұрақтандыру қорларының арзан азық-түлікпен қамтылмай жатқандығында болып отыр. Біріншіден, жергілікті әкімдер мен Ауыл шаруашылығы министрлігі, "ҚазАгро" АҚ, астықты аймақ басшы­лары арасында "мынанша астықты мынадай бағада мыналар алады, ал оны мыналар береді" деген негізде меморандум жасал­ған. Ауыл шаруа­шылығы министр­лігінің мәліметінше, қазір сол меморандум­дағы шарттар орындалмай жатыр. Екіншіден, осы меморандумға сәйкес, арзан астықты алудың орнына жергілікті әкімдер жеке саудагерлерден оны қымбатқа алып жатыр. Яғни әкім ол арада өз үлесін алып отыр. Үшіншіден, "Азық-түлік корпорациясы"

Онда да нан бағасы 1 тонна астықтың құны 250 доллар көлемінде есептеуде құрылған. Ал қазір тұрақтандыру қорлары 1 тонна ас­тықты 26 500 теңгеден сатып алып жатыр

3 миллион тонна астықты сыртқа сатып жіберген. Егер былтырғы осы арзан астықпен жергілікті тұрақтандыру қорлары қамтылғанда, біз нан бағасын тіпті арзандатуға қол жеткізер едік. Алайда жағдай басқаша болды. Бағаның қым­баттауы келесі жылы да қайталануы мүмкін. Өйткені "Азық-түлік корпорациясы" алдында "2,1 миллион тонна астық сатып аламын" деп Үкіметпен жыл басында отырған келісімшартын бұзып, оны 970 мың тоннаға өзгертті. Олар осы көлем еліміздегі халықтың жан басына шаққанда жеткілікті деп санайды. Алайда одан жем деген мәселе тыс қалған. Ал ауыл халқының күн көріп отырған шаруашылығы – мал. Оны қайда қоямыз? Тағы да бидайға деген сұраныс артады да, ұн бағасы, жем де қымбаттайды. Міне, сондықтан Үкімет осы мә­селеге назар аударып, шұғыл шара қол­дануы керек. Келісім­шартты өрескел бұзып отырғандарды жазалауы тиіс. Олай болмайынша, Үкіметтің бұл бағытта істеп жатқан еңбегі еш өнбейді. Ал экономикалық сарапшы Қанат Берен­таевтың пікірінше, бұл қымбаттау Үкі­меттің стратегиялық тауарлар мен қыз­меттің бағасын реттегісі келмей отырған­дығын байқатады.

"Өйткені кез келген мемлекетте стратегиялық тауарлар­дың бағасы міндетті түрде реттеліп отырады.

Мәселен, еуропалық мемлекет­тердің бәрінде солай. Бұл нарықтық қарым-қатынастан бас тарту деген сөз емес. Керісінше, халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған шара. Тауарды арзанға сатып алып, оны қайтадан 2-3 есе қымбатқа саудалаушыларды Үкімет тыя алмай отыр немесе оларды тыюға мүдделі емес", – дейді ол.

Халықаралық экономикалық сарапшы Алғатбек Балғабекұлының айтуынша, ба­ғаны белгілейтін – сұраныс пен ұсыныс.

Стратегиялық тауарларда осы сұраныс пен ұсынысты белгілі бір деңгейде реттеп отыру керек.– Ресейде биыл қуаңшылық орын алып, азық-түлік бағасы күрт қымбаттады. Әрине, тауар өндірушілерге қымбатқа сататын нарық ыңғайлы. Сондықтан олар ең бірінші тауарын Ресейге саудалайды. Осы жағынан алғанда, сыртқа шыға­рылатын азық-түлікке квота жариялануы тиіс. Яғни белгілі бір шекте ғана экспорттау. Ал ауыл шаруа­шылығы тауарын өндіру­шілерді отандық нарықта жұмыс істеуге ынталандыру үшін Үкімет нан бағасына субсидия жасаған сияқты басқа азық-түлік тауарларына да жеңілдік жасауы керек. Мәселен, күнбағыс майының 1 литрінің нарықтық бағасы 300 теңге болса, олар оны 200 теңгеден саудалағаны үшін қалған 100 теңгесін Үкімет өз қалтасынан шы­ғарып берсін. Яғни осындай негізде стратегиялық тауарларға субсидия жасалуы керек. Өйтпейінше, нарықтағы баға бағынбайды. Жалпы, бағаның қым­баттауы инфляцияға әсер етеді. Инфляцияны ауыздықтау үшін билік осындай шараларды қолдануы керек, – дейді Алғатбек Балғабекұлы.

Источник: Алаш Айнасы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .