Финансы
165976 2020ж дейін инвестициялар үшін Орталық Азиядағы ең тартымды аймаққа айналу міндет ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Инвестициялық ахуал қандай

Жазда өткен IV инвестициялық саммитте ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылға дейін шетелдік инвестициялар үшін Орталық Азиядағы ең тартымды аймаққа айналу міндеті тұрғанын айтқан еді. Инвестициялық ахуал қандай

Елбасы шетелдік инвесторларды индустриялық-инновациялық бағдарламаларға белсенді атсалысуға шақырды. Бұл тек қаржы құюмен шектелмейді, сонымен бірге жаңа технологияларды енгізу, мамандарды оқытып-үйрету жағын да ұмыт қалдырмау дегенді білдіреді.

17 жылда – 113 миллиард доллар Инвестиция тарту жағынан біздің еліміз әлемдегі алғашқы үштікке енгені белгілі. Қазір елде шетелдік капиталдың қатысуымен 20 мың кәсіпорын жұмыс істейді. Шикізаттық емес бөлігінде олардың саны 7000-нан асады. Еліміздің инвестициялық тартымдылығына "Дженерал Электрик", "Арселор Миттал", "Метро", "Шеврон" сияқты алпауыттардың ұзақ жылғы жемісті жұмысы дәлел бола алады. Инвестиция – экономикаға қан жүгіртетін, жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техниканы, маркетинг пен менеджменттің заманауи тәсілдерін әкелетін күрделі механизм. Тарихи жағдайларға байланысты еліміз әлемдік нарыққа минералдық шикізат экспортері ретінде енген еді.

Ендігі кезде елдің шикізаттық емес өндірісін дамыту қажеттігі өткір мәселеге айналды.

Осы орайда мемлекеттің негізгі міндетінің бірі – экономиканың басымдық берілетін салаларына қызмет көрсету және тауар өндірісін жедел дамытуды қамта­масыз етуге бағытталған инвестицияларды тарту. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мәліметіне жүгінсек, 1993 жылдың наурыз айынан 2010 жылдың наурызына дейінгі аралықта еліміздің эконо­микасына 113 млрд доллар тар­тылған.

Биылғы жылы экономиканың шикізаттық емес бөлігіне құйылған қаржы 1,25 млрд долларды құрайды. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе көп. Негізгі инвестор-елдер – Нидер­ландия, АҚШ, Ұлыбритания, Виргин аралдары, Франция және Италия. Сондай-ақ алғашқы ондықта Ресей, Оңтүстік Корея, Канада және Қытай да көрінеді. Соңғы жылдары Таяу және Қиыр Шығыс елдері тарапынан қызығушылық бар.

Бұрын Еуропа мен АҚШ-қа ақша салуға үйренген бақуатты араб елдері, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты мемлекеттер біздің жаққа мойын бұра бастады. Ел экономикасының қолтығынан де­мейтін инвестиция көлемінің өсуі мем­лекеттің жүргізген саясатына байланысты екенін кез келген сарапшы мойындайды.

Айта кету керек, түрлі инвестицияның ішінде үкімет тікелей инвестицияға көбірек мән береді. Себебі тікелей инвестиция кәсіпорынның активтеріне тікелей жетеді. Олар әлемдік ең жаңа технологияларды тартуды, басқару мен маркетингтің озық тәсілдерін енгізуге септігін тигізеді.

Басқа артықшылықтарын былай қойғанда, тікелей инвестиция елдің мойнына қамыт болып ілінбейді. Ынталандыру механизмдері Инвесторларға қолайлы жағдай туғызу мақсатында үкімет тарапынан ынта­ландырудың үш қадамы ұсынылған:

1. Бизнесті жүргізу және инвестиция құюға тартымды ететін елдің имиджін қалыптастыру.

2. Арнайы экономикалық аймақтарды құру, қажетті инфрақұрылым­мен қамтама­сыз етуді қосқанда, инвесторларға түрлі жеңілдіктер мен преференциялар ұсыну.

3. Трансұлттық компаниялар үшін фис­калдық, қаржылық және қаржылық емес механизмдер арқылы оңтайлы жағдай құру. Сондай-ақ шетелдік инвесторлар мемлекет тарапынан бизнеске қолдау көрсететін тікелей тәсіл ретінде заңнамалық базаны жақсарту жағына көп мән береді. Бүгінгі күні бұл бағытта атқарылған жұмыс жетерлік. Мәселен, инвесторлардың мүд­десін қорғайтын мемлекеттік кепіл­деме, кәсіпорындарды тіркеудің оңай­латылған рәсімі, экономиканың басымдық берілетін секторларында өз жұмысын жүзеге асыру үшін инвесторларға жеңіл­діктер беру тәрізді шаралар жиынтығын айтуға болады. Шетелдік және отандық тікелей инвестицияларды тарту және қолдауда жалпы мемлекеттік жүйені қалыптас­тырудың негізгі заңнамалық актілері Конституциядан басқа, Азаматтық, Салық, Кеден кодекстері болып табылады. Сон­дай-ақ валютаны, құнды қағаздар нарығын реттеу, сақтандыру нарығы мен инвес­тициялық қорлардың қызметін реттеуге арналған нормативтік базалар үнемі жетілдіріліп отырады.

Осылайша қазіргі кезде елімізде кең көлемді инвес­тициялау үшін институционалдық негіздер құрылған. Қажетті инфрақұрылым жеткілікті. Жауапты және бақылаушы мекемелер белгіленген. Алайда инвес­тициялық қызметті мемлекет тарапынан қадағалау – үздіксіз жүргізілетін жұмыс.

"Қашағандағы Солтүстік-Каспий жобасы басталғалы біздің кәсіпкерлер бүкіл қаржы өндіру мен бұрғылау жұмыстарына жұмсалады деген пікірде. Ал біз инвесторларды дәл осы сервистік жұмыстарға тартуымыз қажет"

Сервистік жұмыстар қалыс қалмасын Бізде 2003 жылғы 8 қаңтарда қа­был­данып, 2008 жылғы 5 шілдеде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген "Инвес­тициялар туралы" Заң бар. Жуырда оған тағы да өзгерістер енгізіліп, осы заң жобасы Үкіметтің қарауына жіберілді. ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Берік Қамалиевтің айтуынша, онда жабдықтарды, сондай-ақ қосалқы бөлшектерді импорттауға кедендік баж салығынан босату секілді инвесторларды тарту үшін ынталандыру шаралары ескерілген. Осы орайда вице-министр Қашағандағы Солтүстік-Каспий жобасының мұнай бөлігін ғана емес, сервистік қызмет жағына да қаржы салуды ұмытпауға шақырды. "Қашағандағы Солтүстік-Каспий жобасы басталғалы біздің кәсіпкерлер бүкіл қаржы өндіру мен бұрғылау жұмыстарына жұмсалады деген пікірде. Ал біз инвесторларды дәл осы сервистік жұмыстарға тартуымыз қажет", – деді ол.

Сондай-ақ шетелдік инвесторды мем­лекет қамқорлығымен қамтамасыз ететін комиссия келесі жылы құрылады деген сөз бар. Осы инвестициялық омбудсменнің басты мақсаты – шетелдік инвестордың құқығы мен мүддесін қорғау. Бұл ең әуелі шетелдік компаниялардың елімізге деген сенімін арттыруға, олардың құқығын қорғауға Үкіметтің өзі көңіл бөліп, қол­дай­тынын көрсететін қадам болмақ. Комиссия құрамына Президент Әкімшілігі, Пар­ламент, мемлекеттік органдар, тәуелсіз ұйым­дардың өкілдері енгізілмек.

Тоқтамыс МЕҢДЕБАЕВ, техника ғылымының докторы:

– Шетелдік инвесторларды эконо­миканың шикізаттық емес саласына тарту қиындау. Ол үшін сол елдегі тұтыну­шылардың төлем қабілеті жоғары болатындай ішкі нарық болуы қажет. Мысалы, Германия мен АҚШ көршілес Қытайдағы жеңіл автокөлік өндірісіне қаржыны аямай құйды. Неге десеңіз, ол елде нарықтың сыйым­дылығы орасан, демек, тауар да өтімді. Ал біздің елде шикізат саласына инвестор тарту оңайға түседі. Мұнай-газ саласына келетін шетелдік ин­вестордың өз есебі бар. Олар өндіріске қажетті құрал-жабдыққа дейін өздері алып келеді. Пайданың басым бөлігі өздерінде қалады. Сондықтан шикізаттық емес салаға инвестор тарту үшін түрлі жеңілдіктер беруге, салық мөлшерін азайтуға тура келеді. Бірақ бұл арада өз мүддеміз де қалыс қалмауы тиіс. Ең алдымен біздің адам­дарды жұмыспен қамтамасыз етуін талап ету, өндірісте отандық үлесті арттыруды талап етуіміз керек. Инвестиция дегеннің өзі – үлкен ғылым. Жан-жақты зерттеп, екі жаққа да тиімді болатын жағын ойластырған дұрыс.

Источник: Алаш Айнасы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .