Финансы
165279 "Жаһандық экономикалық дағдарысты еңсеру: қазақстандық модель" ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Марченко АҚШ-та сапармен болып қайтты

Вашингтонда, Джорджтаун университетінде "Жаһандық экономикалық дағдарысты еңсеру: қазақстандық модель" деген тақырыпта семинар өтті.

Марченко АҚШ-та сапармен болып қайтты
Фото Ярослава Радловского

Оған АҚШ үкіметінің, банк-қаржы секторының, бизнес және академиялық топтардың өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ Қазақстанды зерттеумен айналысатын студенттер шақырылды.

Вашингтонға Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының күзгі кеңестеріне қатысуға барған Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко американ тарапының шақыруы бойынша семинарда баяндама жасап, Қазақстандағы дағдарысқа қарсы шаралардың нәтижелері туралы баяндап берді, деп хабарлады Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінің баспасөз қызметінен.

Бас банкирдің баяндамасын үлкен ықыласпен тыңдаған сарапшылар, қаржы-банк жүйесін сауықтырудағы Қазақстанның тәжірибесін өзінің тиімділігін дәлелдеген әлемдегі бірегей модельдердің қатарына жатқызды. Бан банкирдің баяндамасын толықтырған БТА және Альянс банктерінің тәуелсіз кеңесшісі, ҚР Премьер-Министрінің аға кеңесшісі Марсия Фавале-Тартар ханым, қаржылық жүйені қолдау үшін Қазақстан басшылығы қабылдап отырған қадамдарға оң баға беріп өтті.

Қазақстан Елшісі Ерлан Ыдырысов өз кезегінде, Батыста, әсіресе, АҚШ-та Қазақстанның банк жүйесіндегі шешімдеріне қатысты көп сын айтылып жүргенін айта келе, "осыған орай, семинар уақтылы өткізілді деп санаймын, себебі еліміздің банк жүйесінде қабылданып жатқан шараларға бүгін кәсіби тұрғыдан баға берілді", деп атап көрсетті.

Источник: КазАкпарат

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 2

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .