164574 Сондай-ақ ерекше экономикалық аймақтың мүмкіндіктерін көрді ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

2011 жылы Қарағандыда автомобиль зауытының құрылысы басталады

Қазақстан мен Ресей Үкіметі арасындағы келісім негізінде жүзеге асатын жоба құны 15 миллиард теңге.

2011 жылы Қарағандыда автомобиль зауытының құрылысы басталады
Фото: newsimg.bbc.co.uk

Ресейлік әріптестерімен тәжірибе алмасу мақсатында Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов бастаған делегация Татарстан Республикасында болып, таяуда ғана іске қосылған автомобиль зауытының жұмысымен танысты. Сондай-ақ ерекше экономикалық аймақтың мүмкіндіктерін көрді.

Татарстан – Ресей Федерациясындағы экономикасы тұрақты дамып келе жатқан индустриалды аймақтардың бірі.

Соңғы жылдары бұл елде жүздеген инновациялық жоба жүзеге асқан. Соның бірі - "Алабұға" ерекше экономикалық аумағында салынған жеңіл автокөлік және шағын автобустар жинайтын зауыт. Дәл осындай кәсіпорынды Қарағанды өңірінде де салу жоспарланып отыр.

Бұл екі елдің Үкметтері арасында жасалған келісім негізінде жүзеге аспақ. Қазір "СарыарқаАвтоПром" деп аталатын бірлескен кәсіпорын құрылды.

Серік Ахметов, Қарағанды облысының әкімі: - Жақында ғана іске қосылған бұл зауыт бар-жоғы сегіз айда салыныпты. Бұл әрине, үлкен еңбектің жемісі.

Зауыт заманауи қондырғылармен жабдықталған, жаңа технология бойынша жұмыс істейді. Бізге өте ұнады. Қарағандылықтарды қызықтырған тағы бір игі іс – ерекше экономикалық аймақтың жұмысы.

Оған мемлекет қазынасынан 10 миллиард АҚШ доллары жұмсалған. Аумағы екі мың гектарды алып жатқан экономикалық аймақта инженерлік коммуникациялық жүйе, су, тоқ көзі, газ, тіпті интернет те тартылған.

Василий Кудряшов, "Алабұға" ерекше экономикалық аймақтың бас директоры: - Ерекше экономикалық аймақтың негізгі мақсаты – елге инвестиция тарту. Қазірдің өзінде бұл жерде өз ісін ашуға 13 кәсіпкер ниет білдіріп отыр. Біз оларға шаруасын дөңгелетіп әкету үшін бар мүмкіндікті жасаймыз.

Көрші елдің бұл тәжірибесі Қарағандыдағы индустриалды парктің, және автомобиль зауытының жұмысын жандандыруға оң ықпалын тигізеді, - дейді аймақ басшысы. Жаңа зауыттың құрылысы келесі жылы басталады.

Источник: Хабар

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 5

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .