Финансы
164372 Егер осы қарқынымен шарықтай берсе, бензин құнымен теңесетін күн де алыс емес ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Сұйытылған газ қымбаттап барады

Ақтөбедегі газ құю стансаларында газ бағасы қымбаттап барады.

Сұйытылған газ қымбаттап барады
Фото: Владислав ВОДНЕВ

Егер осы қарқынымен шарықтай берсе, бензин құнымен теңесетін күн де алыс емес. Бұдан қарапайым тұрғындар зардап шегуі мүмкін.

Өйткені қаладағы қоғамдық көліктердің елу пайызы газбен жүреді. Жергілікті билік өкілдері болса, "бұл мәселені бақылауда ұстап отырмыз" деп мәлімдеді. Алайда, келер айда көгілдір отынды қымбат бағасына да табу мұң болатын сияқты.

Ақтөбелік Адайбек Құлымбетов жақында бензинді қымбатсынып, көлігіне газдан қуат алатын жабдық орнатыпты.

Енді есіл еңбегінің еш кететін түрі бар. Өйткені газ тапшы, барың өзі екі есеге қымбаттап кеткен.

Адайбек Құлымбетов – жүргізуші

"Қиын болып тұр бізге. Қалтамызға ауыр. Стансаларда дағдарыс. Жылдан жылға қысып барады. Алдында арзан еді 26 теңгеден,41 теңгеге көтерілді".

Бұл қарапайым тұрғындарға да қиындық туғызбақ. Себебі қаладағы қоғамдық көліктердің басым бөлігі газбен жүреді. Демек, жол ақысы қымбаттауы мүмкін. Қанат Қалиев - жолаушы тасымалдаушы компания директоры "Жүру бағасын Қазақстан бойынша ең төмен деңгейде ұстап тұрмыз. Бірақ газ одан әрі қымбаттаса, бағаға да көп әсер етеді. Бағаны ұстау да қиын әрі қарай". Бағаны ұстау былай тұрсын, газ табудың өзі мұң болатын түрі бар.

Бүгінде Ақтөбедегі кейбір стансаларда көгілдір отын мүлдем жоқ. Ал облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшылығы "Жағдай тұрақты. Бұған күн сайынғы мониторинг дәлел" деп отыр.

Тілес Өтесінов - облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары

"Осы қыркүйек айында екі мың тоннадан астам газ жеткізілді. Ал біздің қажеттілігіміз - 1870 теңге. Жағдай тұрақты. Ал, кішкене өсімді қымбаттады деуге келмейтін шығар". Дей тұрғанмен газ тасымалдаушылар ашық айтпаса да, алдағы айда көгілдір отынды жеткізу көлемі 70 пайызға азаятындығын хабарлап үлгерген. Бұған қоса, "Жаңажол газ өңдеу кешені қазанда жөндеу жұмыстарына жабылады" деген сыбыс тағы бар. Ал, көпшілік көгілдір отын кенішіне бай өлке -Ақтөбеде отырып газ тапшылығын сезіну парадокс, - дейді.

Источник: Алаш Айнасы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 1

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .