Финансы
164364 Бүгінде өндіріс орнын ашар кезде ең басты назар ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

"Жасыл көпір" бастамасын БҰҰ өкілі оң қабылдады

Бес күнге созылып жатқан Азия-Тынық мұхит елдері қоршаған орта және даму жөніндегі министрлерінің VІ конференциясында Қазақстан тарапы "Жасыл көпір" атты бастаманы алға тартқан болатын. "Жасыл көпір" бастамасын БҰҰ өкілі оң қабылдады

Бұл бастаманың мақсатын: "Еуропаның озық технологиялары мен мол капиталының Азияға ағылуына, ал Азия елдерінің ауа райының өзгеруіне бейімделуіне қол жеткізу", – деп атап өткен еді қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов. Яғни мақсат – екі ірі аймақ арасында диалогтық алаң орнату.

Расын айту керек, бүгінде өндіріс орнын ашар кезде ең басты назар оның қоршаған ортаға тигізер зиянына аударылады.

Ал қоршаған ортаға неғұрлым аз зиян әкелетін технологияларды шығаруда Еуропаның Азия елдеріне қарағанда оқ бойы озық тұрғаны белгілі. Бұл бастама сол техно­логияларды Азияға да әкелуді көздейді.

Кеше Астанада өткен баспасөз мәс­лихатында бұл бастамаға БҰҰ бас хат­шысының орынбасары Ноелин Хейзер қолдау білдірді. "Мен астаналық "Жасыл көпір" бастамасына мұрындық болып, оны қолдап отырған Қазақстан Респуб­ли­касына ризамын.

Бұл бастама – эконо­микалық өсу мен халықты жұмыспен қамту есебінде экологиялық тұрақтылықты дамыту үшін Еуропа мен Азия-Тынық мұхиты елдерінің ынтымақтастығын қажет ететін өте батыл шешім", – деді ол. Оның ойынша, бұл Еуропа мен Азия-Тынық мұхиты елдерінің басын бір арнаға тоғыстыратын бастама болғалы тұр. "Азия-Тынық мұхиты аймағын тұрақты дамыту мәселесінде бәрімізде кезігетін қиындықтарды шешетін нақты жоспарлар мен бастамалар конференцияның оң нәтижесі болмақ", – деген Ноелин Хейзер конференцияның нәтижесі оң болатынына сенімді.

Источник: Алаш Айнасы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 1

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .