Финансы
164357 Аталмыш шараға Йемен елінен арнайы делегация келді ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Өндіруші салаға ашықтық керек

Кешелі бері Дүниежүзілік банктің Алматыдағы кеңсесінде өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы бойынша семинар өткізіліп жатыр. Өндіруші салаға ашықтық керек

Бұл шара 1 қазанға дейін жалғасын табады деп күтілуде. Аталмыш шараға Йемен елінен арнайы делегация келіп, еліміздегі өндіруші салалардың жай-күйімен таныс болуда. Оған Парламенттік және үкіметтік емес ұйымдар коалициясынан және Өндіруші салалардың ашықтық бастамасы (ӨСАБ) хатшылығынан арнайы өкілдер еніп отыр. Шара екі елдің арасында өзара тәжірибе алмасуға қолайлы жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылған. Үш күндік семинар жұмысы кезінде олар ӨСАБ тарихы мен оның Қазақстанға енгізілуі турасында бірнеше баяндама жасамақ.

Жалпы, отандық мамандардың пайым­дауын­ша, мұндай бастамалар елдегі өн­дірістік салалардағы белсенділік қызметін арт­тырып, өзара бәсекелестікке түсуіне жол ашпақ.

Айта кетейік, өндірістік салаға ашық­тық енгізу бастамасы бірнеше жыл­дан бері елімізде бақылауға алынып келе жатыр. Өндіруші компаниялардың ашық­тығын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүзеге асыруда тәуелсіз ау­диторлық немесе консалтингтік ком­па­ниялардың жыл сайынғы есептік жария­ланымын ұсыну қарастырылады. Онда Үкіметтің және өндіруші ком­паниялардың арасындағы есептер салыстырылып, салық түсімі ескеріледі. Осы арқылы бұл бастаманы іске асыру барысында жұртшылыққа бюджет түсімі айқындалып, тиісті ақпарат беріледі, сондай-ақ инвестициялық ахуал көрсетілетін болады.

Жалпы, өндірістік салалардағы ашықтық бастамасы туралы отандық экономист-са­рапшы мамандар: "Ашық қызметінің ар­қасында елдегі инвестициялық жағдай жақсарады.

Инвесторлар ретінде елде ондай климаттың болғаны олардың мүддесі болып табылады. Біз үшін жақсы инвес­тицияға қол жеткізу қазір ауадай қажет. Сондықтан мұндай бастама қолдау табуы керек", – дейді.

Шараға қатысушылардың атап көр­сетуінше, біздің еліміздің Үкіметі, өндіруші компаниялар және үкіметтік емес ұйым­дар арасындағы ӨСАБ-ны жүзеге асыру бойынша өзара түсіністік туралы ме­морандумға 123 компания қол қойған. Қол қойғандардың ішінде барлық мұнай компанияларының 92 пайызы және тау-кен байыту компанияларының 56 пайызы бар.

Источник: Алаш Айнасы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 1

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .