Финансы
164241 АҚ ішкі резервке астық сатып алу дәстүрін жолға қойды ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстанның астық нарығы басты саланың біріне айналып отыр

Соңғы жылдары Қазақстанның астық нарығы ел экономикасы үшін басты саланың біріне айналып отырғаны анық.

Бұл ретте азық-түлік қауіпсіздігін ұлттық қауіпсіздік деңгейіне дейін көтеруге бағытталған шаралар атқарылды. Сондай азық-түлікке қатысты қауіпсіздіктің алдын алу үшін әрі шаруа қожалықтарын қиын кезеңде қолдау мақсатында "Азық-түлік корпорациясы ҰК" АҚ ішкі резервке астық сатып алу дәстүрін жолға қойды.

Яғни мемлекет шаруалар үшін қосымша сұраныс тетігін іске қосты. Сыртқы нарықта бағаның құлдырауы кезінде мұның үлкен демеу болғаны да рас. Ал ендігі жерде қалай болмақ? Астыққа деген әлемдік баға көтерілген қазіргі жағдайда ішкі нарықта мемлекет қорына сатып алынатын астық бағасын да өсіре түсу керек пе? Біз бұл сұрақтың жауабын безбендеуді оқырманның өзіне қалдырып, қарама-қайшы қос пікірді назарға тартқанды жөн көрдік.

Қазақстанның астық нарығы басты саланың біріне айналып отыр
Светлана Жалмағамбетова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Иә

– Былтыр астық мол болып, сәйкесінше оның бағасы құлдыраған болса, биыл аз егінге жақсы баға сақталып тұр. Алайда биылғы бағаға қатысты қолайлы ахуалға қарамастан, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер әлі де шығыннан көз ашпай, өз проблемаларымен бетпе-бет қалып отыр. Былтыр осы мәселеге орай бірнеше мәрте Үкіметке сауал жолдап, 2009 жыл­ғы ас­тықты сатуға қатысты шаруаларға жәр­дем бе­ріп, астық тасымалының шы­ғын­дарын қыс­қартуды дүркін-дүркін кө­тер­дік.

Бірақ бә­рі құрғақ уәде күйінде, тек қағаз жү­зін­де ғана қалды.

ъСоның сал­да­рынан егін ша­руа­шылығымен айна­лы­са­тындар былтырғы жы­лы шығынға бел­ше­ден батты. Қаражат жоқ­тығынан биыл көк­темгі егіс жұ­мыс­та­рына орай "Азық-тү­лік корпорациясы" АҚ-тан қарыз алуға мәж­бүр болды. Ал ондағы не­сие шарттары тіп­ті кіріптар етті.

Мұнда банктің кепілі 1 тонна астық үшін 14 800 теңге ретінде белгіленіп, оның ставкасы 4-15 пайыз аралығында өрбіді. Енді есептеп көрелік. Бұл үшін маған Ақмола облысы Бұланды ауданының кәсіпкерлерінен келген хатты негізге алсам да болады. Мәселен, несиесін жабуы үшін шаруалар 56 544 тонна астық өткізуі тиіс. Лизингтік борыштарға – 48 500 тонна, бұдан бөлек 28 500 тонна тұқым егуге кетеді, мемлекеттік ресурсқа тағы да 28 176 тонна өткізулері тиіс. Ал әлгі шаруа қожалықтарында жалпы астық түсімі 125 мың 30 тоннаға болжанады. Соның өзінде 34 890 тонна жетпей отыр. Сонда қалған қарыздарымен қалай есеп айырыспақшы?

Оның үстіне, ондағы жұмысшылардың жалақысы, келісімшарттар бойынша төленетін қаражат, биылғы жиын-теріммен қоса, көктемгі егіс жұмысына дайындық та бар. Осының бәрін есептеп шықсақ, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруішлер бәрібір шығыннан көз ашпайды. Бұдан бөлек, биылғы жылы әлемдік нарықтағы астық бағасы шаруалар үшін қолайлы қалыптасты, қуаңшылық пен егін түсімінің төмендігінен астықтың бағасы тоннасына 35 мың теңгеге дейін жетіп отыр.

Алайда "Азық-түлік корпорациясы" мемлекеттік ресурстар үшін астық сатып алу мөлшерін заңды тұлғалар үшін 26 500 теңге, шаруа қожалықтары үшін 23 600 теңге етіп белгілегені мәлім.

Сондықтан да жоғарыда айтылған мәселелерді ескере келе, мұндай баға әлемдік нарыққа сәйкес 250 $ шамасында болуы шарт деп білемін. Бұл шара ауыл шаруашылығындағы шығындарды қысқартып қана қоймай, саладағы тұрақтылықты да қамтамасыз ететін еді.

Қазақстанның астық нарығы басты саланың біріне айналып отыр

Асылжан Мамытбеков, "ҚазАгро" ұлттық холдингінің басшысы:

Жоқ


– Жалпы, "Азық-түлік корпо­ра­ция­сы" арқылы сатып алынатын ас­тық бүгінгі күн тәртібіндегі мә­се­ле­лер­ді шешу үшін ғана емес, бо­ла­шақ­тағы қауіптерді азайту үшін де қа­лыптасатынын ескеру керек. Атап айтқанда, астық сатып алу, негізінен, 2011 жылы болуы мүмкін "жағым­сыз сценарийдің" алдын алуға ба­ғыт­талады.

Мәселен, астық бағасын бел­гілеп, оны қор ретінде сатып алған уақытта ең бірінші кезекте ал­да­ғы жылдары мейлі қуаңшылық бол­сын, мейлі көршілеріміздің экс­порт­тық ұстанымы болсын бәрін есеп­теп, қамту шарт. Сонымен бірге сырт­қы нарықпен ғана санаспай, ең ал­дымен, ішкі нарықты да уыста ұс­таған абзал. Бұл – Елбасының Үкі­мет­ке артқан негізгі міндеттерінің бі­рі.

Мәселен, сыртқы нарықта астықтың бағасы шарықтады, ал соған қоса ішкі нарықта нан бағасы өссе қайтеміз? Сол үшін осындай баға саясатын ұстанып отырмыз. Жалпы, елдегі астықтың тұрақ­тандыру бағасын 28 000 теңге көлемінде есептеп шыққанбыз. Яғни астық бағасы ішкі нарықта 28 000 теңгеден артып кететін болса, нанның бағасын да өзгертуге мәжбүр боламыз.

Өйткені әлгі бағадан кейін ұн өндірушілер де, наубай­хана да өнім бағасын бірден көтереді. Олардың экономикасы одан арғыға шыдамайды. Осындай дүниелерді ескере келе, біз бұған дейін жария етілген 26 500 теңгеден астық сатып алу туралы баға мөлшерін әрі қарай сақтауға тиіспіз деп ойлаймын.

Ал қажет болып бара жатса ғана 28 000 теңгенің шегіне апара аламыз. Бұдан жоғарыға асыру нан бағасына да әсер ететіні сөзсіз. Астық бағасы үш есе артса да, біз нан бағасын тұрақты сақтап отырмыз. Бұл – біріншіден. Екіншіден, жалпы ішкі нарық­тағы тасымал шығындарын есептеп қара­сақ, бізге осы 26 000 теңгенің өзі – едәуір салмақ. Сондықтан да бұл – мемлекеттің азық-түлік саласына қатысты қабылдаған саяси шешімі. Бұдан бөлек, 2008-2009 жылдары біз нарықта астық ба­ғасының құлдыраған кезеңдерінде шаруа қожалықтарына үлкен қолдау жасадық. Мәселен, 2008 жылы нарықтағы баға

26 000 теңге боп тұрғанда, олардың астығын 30 000-нан, 2009 жылы нарық бағасы 15 мың боп тұрғанда, 18 500 теңгеден сатып алдық. Яғни мемлекет екі жыл қатарынан қолдан сұраныс жасап, шаруалардың өтпей тұрған астығын алды, оларға қолдау жасады.

Енді бизнес те сондай қадамдарға баруы шарт. Өйткені біздің бүгінгі ортақ міндетіміз – нан бағасын ұстап тұру. Екі рет мемлекет көмектессе, бизнес те бір рет қадам басуы тиіс. Сондықтан да мемлекеттік комис­сиямен бекітілген "Азық-түлік корпора­циясы" жариялаған астық сатып алу бағасын одан әрі көтерудің қажеті жоқ деп ойлаймын.

Источник: Алаш Айнасы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 1

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .