164003 Үкімет оты­ры­сында министр қарақұмық бағасы қым­бат­тағанын айтты ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Азық-түлік бағасы неге өсті?

Ресейде болған орман өрті мен биылғы қуаңшы­лық ондағы егін түсімінің едәуір кемуіне әсер еткені мәлім. Әсіресе бидайды былай қойып, кәдімгі қарақұмықтың өзі Ресей үкіметінің бірнеше отыры­сына негіз болғаны бар.

Азық-түлік бағасы неге өсті?
Фото: ИА "Новости Казахстан"

Көршідегі қарақұмықтың тапшылығына дереу "үн қатқан" біздің кәсіпкерлеріміз дәнді дақыл­дың осы түрін шекара асыруға қатты белсеніп кеткен көрінеді, соның кесірінен бұл өнім тамыз айынан бері өз дүкендерімізде сиреп, бағасы да күрт көте­ріліп шыға келді. Кешегі Үкімет оты­ры­сында экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова қарақұмық бағасы та­мыз­дан бері 48,5 пайызға дейін қым­бат­тағанын айтты.

Осыған байланысты ішкі нарық­тағы бағаны тұрақтандыру үшін қа­ра­құмықты экс­портқа шығаруды уақытша тыю қажеттігі туын­даған. Мұндай қорға­ныш амалы қара­құ­мыққа ғана емес, бір­қа­тар майлы дақылдарға да қатысты енгі­зіл­мек.

 "Қазіргі таңда Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігімен бірлесе отырып, күнбағыс, рапс, бұршақ тұқымдастары сынды майлы дақылдардың тұқым­да­рына тұрақты негізде экспорттық кеден бажын, ал өсімдік майын шығаратын тұқымдар мен қарақұ­мық тұқымын экспортқа шығаруға уақытша тыйым салу жөніндегі Үкімет жобасы әзір­ленді. Экспорттауға тыйым салу туралы ұсы­нысты алдағы аптада Үкімет қарауына ұсы­намыз", – деді Жанар Айтжанова.

Ағымдағы жылдың қаңтар-тамызы ара­лығында азық-түлік өнімдерінің баға өсімі 2009 жылғы сәйкес кезеңге қатысты ал­ғанда, 5,5 пайызға өскен. Екі есе. Бірақ азық-түліктік емес өнімдер, керісінше, өт­кен жылғыға қарағанда, екі есе төмен қа­лып­тасып, 3,4 пайызды құрапты. Эко­но­ми­калық даму және сауда министрінің ай­­туынша, азық-түлік өнімдері бағасының өсі­міне, негізінен, елдің астықты аймақта­рын­­дағы қолайсыз күн райына байланысты ас­тық түсімінің жылдағыдан аз болжануы жә­­не экспорт көлемінің артуы ықпал ет­кен.

"Оңтүстік өңірде нан баға­сын қымбаттатуға дәйекті себеп бол­ма­ған"Оңтүстікте нан бағасы негізсіз қымбаттаған

Есте болса, біраз уақыт бұрын оңтүстік өңірде нан бағасы қымбаттап, бір дүрліккен едік. Сонда Премьер-министр жағдайды шұғыл анықтап, кінәлілерді жазалауды тап­сырған болатын. Кешегі отырыста Бә­секелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мә­жит Есенбаев: "Оңтүстік өңірде нан баға­сын қымбаттатуға дәйекті себеп бол­ма­ған", – деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, нан өндірушілерде бұрынғы бағамен са­тып алынған ұн қоры бола тұра, ба­ға бір мез­гілде бірдей межеге көтерілген. Яғни на­рықта ымыраластық орын алған. "Сол се­бепті заң нормаларын бұзып, бағаны не­гіз­сіз көтергендердің бәрі жазасын тартады. Бұл дерек бойынша іс аяқталып, сотқа бе­рілді", – деген агенттік төрағасы ұн бағасын да негізсіз көтеру деректері анықталып, ол бойынша Ақмола, Батыс Қазақстан, Шы­ғыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қос­та­най,  Маңғыстау, Павлодар және Қа­ра­ғанды облыстарының бірақтар ұн жет­кізушілеріне қатысты тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

Биыл қанша ұн экспортқа шығады?

Биыл Үкіметтің қосылған құны жоға­ры бидай экспорты бойынша алдыға қойған міндеті орындалатын түрі бар. Астық одағы ағымдағы жылы 4 мил­лион тонна бидайды ұн қылып, экспорт­қа шығарғалы отыр.

"Биылдың өзінде-ақ таза бидай түрін­де­гі экспорттан ұн түріндегі экспорттың көлемі артық болады", – деді кеше Астық одағының төрағасы Нұрлан Тілеубаев.

Биылдың өзінде-ақ таза бидай түрін­де­гі экспорттан ұн түріндегі экспорттың көлемі артық болады

Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев қамбаларымызға 13,5 мил­лион тонна астық түскенін ай­тып отыр. Бұл, әри­не, жылдағыдан әжептәуір кем ме­же. Бірақ министр былтырғыдан қалған астық қорын ескерсек, биыл да экспорттық әле­уе­­­­тіміз төмен болмайтынын алға тарта­ды.

Астық экспортында көздегеніміз – таяу шығыс

Қазақстандық ұн экспортының 97 па­йызы Орталық Азия елдеріне – Өзбекстан, Тә­жікстан, Қырғызстан және Ауғанстанға шы­ғарылады.

Осы географияны Таяу Шығысқа қарай ке­ңіту, Парсы түбегі елдерінің на­рығына ену мәселесі көптен сөз болып келгенімен, тасымал мен ло­гистика мәселелерінің толық шешімін таппауына байланысты бұл на­рықтың есігі әлі ашыла қойған жоқ.

Бірақ осы бағытта жүйелі жұмыстар ат­қа­рылуда. Бүгінде құрылысы салынып жатқан Жа­ңа Өзеннен Түрікменмен арадағы мем­лекеттік шекараға дейінгі темір­жол тар­ма­ғы – соның бір аймағы. Бұл жолдың құры­лы­сы бітсе, отандық астық Түрікмен арқы­лы Иранға, одан әрі Парсы түбегінің ел­де­ріне қысқа жолмен жетпек. Осы жайт­тарды ес­керген Премьер-министр кеше қара­ма­ғындағыларға Біріккен Араб Әмір­ліктері мен Иорданияда астық тер­ми­нал­дарын салу мүмкіндіктерін қарас­ты­ру­ды тап­сыр­ды.

Үкіметтің кешегі отырысы интернет арқылы "Қазақстан" ұлттық арнасының сайтында тікелей он-лайн режимде таралды.

Рас, Премьердің ескерткеніндей, бұл отырыс электронды үкіметті да­мы­ту ая­сындағы тәжірибе ретінде бірінші рет өткізіліп отыр. Бірақ жұртқа таралу ама­лы өзгеше болғанымен, ондағы қарал­ған мәселелердің маз­мұны әдет­тегідей елдің экономикалық жайы бол­ды. Осылайша қарапайым қазақ­стан­дық­тар, негізінен, үйіндегі "көк жәшік" пен радиодан, одан қала берді газеттен ерте­ңінде біліп жататын Үкімет жаңа­лық­тары бұқара жұртына (онда да ин­тер­нетке қолы жеткендеріне) "делдал­сыз" тікелей желіде жетті.

Источник: Алаш Айнасы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 4

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .