Финансы
163010 Сонымен қатар, тендер өткізуде басымдық отандық ай-ти технология кәсіпорындарына беріледі ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Ақпараттық-технологиялық компаниялар әлеуметтік салықтан босатылады

Елімізде қызмет атқарып жатқан ақпараттық-технологиялық компаниялар алдағы уақытта әлеуметтік салықтан босатылатын болды. Ақпараттық-технологиялық компаниялар әлеуметтік салықтан босатылады

Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыс бойынша тендер өткізуде басымдық отандық ай-ти технология кәсіпорындарына беріледі. Бұл жаңалықты бүгін Байланыс және ақпарат министрі

Асқар Жұмағалиев ақпараттық-технология саласы мамандарының екінші съезінде мәлімдеді. Өткен жылы мемлекеттік қазынадан ақпарттық желіні дамытуға 18 миллард теңгеден астам қаржы құйылған.

423 ай-ти компаниялар мемлекеттік органдардың, жеке компаниялардың, коммуникациялық құрылымдардың тапсырысын өтеп жүр.

Алайда, жабдық орнату, жүйені іске қосу секілді мердігерлік шаруаға шетелдіктер көп кіреді.

Министр бұл салада сараптама жүргізілгенін мәлімдей келе, болашақ тапсырыспен қоса, жабдықты орнату секілді істерге көбірек отандық мамандардың тартылатын айтты. Сондай-ақ еліміздегі 12 университетте өндірістік-зертхана салынып, жаңа шыққан жабдықтар сол жерде сыналады.

Бір жағынан бұл бастама студенттердің кәсіби біліктілігін қалыптастыруға септігін тигізеді. Асқар Жұмағалиев, ҚР Байланыс және ақпарат министрі Өздеріңіз білетіндей, 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік индустриялды-инновациялық бағдарламаға сәйкес, ақпараттық және коммуникациялық сала келесі сектор болатыны белгілі.Осы ақпараттық және коммуникациялық технологияны дамытуға арналған салалық бағдарлама әзірленді.

Источник: 7 канал

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 2

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .