162883 Енді автокөлік түтінінен бөлінетін канцерогенді заттар бөлек алында ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Көмірсутектердің "ароматы" кімге бұйырады?

Қыркүйектің 4-і күні Атырау мұнай өңдеу зауытында ароматтандырылған көмірсутегі кешенінің іргетасы салтанатты жағдайда қаланды. Жобаның жалпы құны 1 млрд 40 млн АҚШ долларын құрайды. Аталған кешеннің құрылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты ке­лі­сімшарт "Атырау мұнай өңдеу зауыты" мен қытайлық "Синопек Инжиниринг" компа­ния­ларының арасында өткен жылдың 29 қаза­нында жасалған болатын.

Көмірсутектердің "ароматы" кімге бұйырады?
Фото с сайта finance.rol.ru

"АМӨЗ" ЖШС-ның баспасөз қызметі тарат­қан мәліметте автокөліктерге арналған эко­логиялық жағынан таза жа­нар-жағармай және ароматтандырылған көмірсутегімен қам­тамасыз ету өндірісінің жолға қойылатындығы айтылған. Енді автокөлік түтінінен бөлінетін канцерогенді заттар мұнайхимия шикізаты ретінде бөлек алынатын болады. Және жылына 133 мың тонна бензол мен 496 мың тонна параксилол өндіріп, жоғары октанды жанар-жағармай алуға мүмкіндік болмақ. Бұларды алуға қол жеткізетін техно­логияның лицензиясы – француздық "Ак­сенс" компаниясының ен­шісінде.

Осы күні баспасөз өкілдеріне арналған мәжілісте "ҚазМұнайГаз" компаниясының қайта өңдеу және маркетинг саласы бойынша бас­қарма директоры Данияр Тиесовтің сөзінен ұққанымыз, Павлодар мен Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыт­тарында ароматтандырылған көмірсутегі кешені салынбайтын болыпты.

"Жанар-жағармай, дизель­ді отын және мазут қауіпсіздігі талаптарының техникалық рег­ламенттеріне сәйкес, қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының өнімдері 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап – Еуро-3, ал 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуро-4 стандартына сай болмақ.

Ал аталған компанияның президенті Қайыр­гелді Қабылдин: "2015 жылға қарай қазақ­стандық мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өңдеу көлемі 14-тен 17 миллион тоннаға дейін жетпек", – дейді.

Салтанатты шарада сөз алған тағы бір құр­метті қонақ, қытайлық компания вице-пре­зи­денті Цзянь Децзюнь мырза қытайлық құрылысшылардың кешенді салу барысында қатаң тәртіпке бағынып, өз жұмыстарын сапалы аяқ­тай­тындықтарына сендіріп бақты.

Мәселенің мұңды жағы тағы бар...Бұл – мәселенің ресми сипаты ғана. Ал екінші жағына келсек, жағдайдың жақсы еместігі байқалады. Неге? "Кешен құрылысы басталады" дегелі Атырау халқы аймақтың экологиялық жағдайына алаңдаулы. Атырау өңірінен сайланған Мәжіліс депутаты Ұзаққали Елубаев оның қаладан кем дегенде 40-50 шақырым қашықтықта салынуы қажет екендігін, олай болмаған жағдайда ауаға бөлінетін канцерогенді заттардың әсерінен онсыз да экологиялық жағдайы мәз емес Атырау халқына үлкен қауіп төнетіндігін айтқан болатын. Өкінішке қарай, бұл тілектерге құлақ асқан ешкім табылмады.

Муфтах ДИЯРОВ, академик:

Мұнай-химия кешенін де тәуелсіз экологиялық сараптама­дан өткізу керек

– Аталған кешен құрылысын Жайық өзенінен небәрі 25-30 шақырым қашықтықта салу ақылға мүлдем сыймайды. Менің ойымша, алдағы уақытта кәдімгі тұщы су қара алтыннан да қымбат болады. Сондықтан Жайық өзенін тек картадан ғана тама­шалағымыз келмесе, жергілікті халықтың саулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіретін аса қауіпті бұл нысанның айналасына жасыл желекті көптеп отырғызу керек. Қазір Теңізде болсын, Қарабатанда, болмаса Атырау мұнай өңдеу зауытында болсын көгал­дан­дырумен айналысатын арнайы қызмет жоқ. Түсіп жатқан пайда шаш етектен, табиғатты улап жатыр. Ендеше, көгалдандыру қызметін де қолға алсын. Зауыт басшылары осындай кауіпті нысандарға арналған санитарлық-қорғау аймақтарын құру туралы талаптарға пыс­қырмайды да. Ал бұл зауыт қолға алмақ болып отырған санитарлық-қорғау аймағы тиісті сараптамадан өтпеген. Мұнай-химия кешенін де тәуелсіз экологиялық сараптама­дан өткізу керек. Бұл – бір. Екінші­ден, кешен пайдалануға берілген күннен бастап қоршаған ортаның жағдайын бақылап тұратын автоматтандырылған құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету керек. Атырау мұнай өңдеу зауыты болса мұндай қон­дырғыларды экологтардың бірнеше рет ескертуінен кейін ғана алған. Мұндай өндіріс орындарында экологиялық сыйымдылық мәселесі де жан-жақты қарастырылуы керек. Мәселен, "Теңізшевройл" 1993 жылдан бастап 2009 жылға дейін 180 млн тонна мұнай өндірді. Өнімнің әрбір бірлігіне 2,5 келі қалдықтан келу керек болса, олар зиянды қалдықтарды 5,6 келіден шығарған.

"Теңізшевройл" 1993 жылдан бастап 2009 жылға дейін 180 млн тонна мұнай өндірді. Өнімнің әрбір бірлігіне 2,5 келі қалдықтан келу керек болса, олар зиянды қалдықтарды 5,6 келіден шығарған.

Облыстық қоршаған ортаны қорғау про­куратурасы мен Қоршаған ортаны қорғау министрлігінен келген ресми хатта аромат­тандырылған көмірсутегі кешені тиісті орындардан өзінің экологиялық бағасын алмағандығы айтылған. Ал тәуелсіз экологиялық сараптама өткізу үшін Атырау мұнай өңдеу зауыты "қаржы жоқтығын" сылтау етіп, бас тартқан көрінеді. Зауыттың жұмысы көбейіп, қуаттылығы артқан сайын қалдық та, апат қаупі де көбейіп, зауытқа жақын орналасқан үйлердегі тұрғындардың улану қаупі бар екендігін ешкім де жоққа шығара алмайды.

Махамбет ХАКИМОВ, "Каспий табиғаты" үкіметтік емес ұйымының жетекшісі:

– Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмыс істегеніне 65 жылдай уақыт болды. Ескі дүниенің жаңарып, зауыттың үлкейе бас­тағанына қарсы емеспіз. Бірақ қала ішінде емес, неге Қарабатан аумағынан салынбайды? Күмән зауытта емес, ондағы жұмыс процесі қауіп төндіргелі тұр. Осы жобаға байланысты арнайы шақыртумен бір топ қазақстандық азаматтар Қытайдың Нинбо деген қаласына барып, олардың зауыттарын көріп қайттық. Зауыттары зауыт емес, саябақ секілді. Айналаның бәрі жап-жасыл, тап-таза. Және ескі зауыттарын әлдеқашан қоқысқа жіберіп, қазіргілерін заманауи технологиялармен жабдықтаған. Атырау өңірінен шығатын мұнай көлемі көбейіп жатыр. Қазірдің өзінде жыл сайын – 70-80  млн тонна, ал ертең теңіздегі мұнай қосылса, жылына 130-140 млн тонна мұнай өңдейтін болады. 2020 жылдары осы аймақтан тағы да бір зауыт салынады деген сыбыс бар.

Источник: Алаш Айнасы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .