Финансы
162265 Ресейден шыққан тауарда мемлекеттік тілдегі жазуды микроскоппен қарамасаңыз таба алмайсыз ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Бір өнімнің өзінен 40 қате табылды

Қазақстанға арнап Голландияда өндірілген өнімде қазақ тілінің мерейі үстем. Ал құдайы көршіміз Ресейден шыққан тауарда мемлекеттік тілдегі жазуды микроскоппен қарамасаңыз таба алмайсыз.Бір өнімнің өзінен 40 қате табылды

Мұны мәселенің арғы жағы дейін десек, арғысынан бергісі сорақы болып тұр. Себебі біз "Суюнши, халал" деген жазуы бар шұжық өнімдерін тұтынып жүрміз. Ол - Шахтинск қаласында өндірілген. Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорымен бірге "Қазақша сөйлесейік!" акциясы аясында "Қырағы көз" айлығына ұйытқы болған "Нұр Отан" партиясы "Жас Отан" Жастар қанатының мүшелері қазақ тілінің құқығы аяқ асты болғандығына осылай деп реніш білдірді.

Халық тұтынатын тауарларда қазақ тіліндегі мәтіндердің қателерін анықтауға арналған іс-шараның басты мақсаты - қоғамды тіл тазалығы жолындағы күреске шақыру арқылы қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту және қазақ тілінің стилистикасын сақтау болып табылады. Бір айға созылатын акцияда елорданың кез келген сауда орталықтарындағы өнімдердің "қазақылығы" қадағаланып, мемлекеттік тілге мұрын шүйірген тауар өндірушілер тезге салынады.

"Мясо для детей" деген жазудың қазақ тіліндегі нұсқасы "Балалар еті"

Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорының директоры Азат Шәуеевтің айтуынша, ұйымдастырушылар бас шаһардағы дүкендердің бірінен "Мясо для детей" деген жазудың қазақ тіліндегі нұсқасы "Балалар еті" деген тәржімамен сатылып жатқанын анықтапты.

"Отандық заңнамаға сәйкес халық тұтынатын тауарлардағы ескерту-нұсқаулар мәтіндеріне Стандарттау және сертификаттау комитеті жауапты. Мұндай масқаралық пен сорақылыққа жол беруге болмайды", - деп зілденді бізбен тілдескен қор басшысы. Сондай-ақ ол: "Қазақ тілінде қате жазылған этикетка-нұсқауларды жинап, "Жас Отан" жастар қанатының Астана қалалық бөлімшесіне тапсыру қажет. Осы бастамаға қатысқан алғашқы 20 азамат Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қоры тағайындаған арнайы сыйлыққа ие болады", - деді.

Дүкендердегі тауарлардың нұсқаулықтарына зер салған "жасотандықтар" бір өнімнің өзінен 40 қате тапқандықтарын айтады. "Мұндай олқылықтарды болдырмау үшін "Жастар қанаты" акцияны республикамыздың өзге де аймақтарында өткізуге бел буып отыр" дейді олар.

Айтпақшы, акция аясында "Мен қазақша сөйлеймін" деген 200 төсбелгі шығарылды.

Олар сауда орталықтарындағы сатушыларға тегін таратылып беріледі. Өз кезегінде сауда қызметкерлері тұтынушылармен мемлекеттік тілде тілдесуге міндетті болады. Болжам бойынша, Астанадағы барлық сауда орындарын қамту үшін 10 мыңға жуық төсбелгі қажет.

"Бұл - ескі психологияның көрінісі. Қазіргі кезде оны өзгертіп, халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарда, әсіресе дүкендерде таза қазақ тілінде сөйлеуді әдетке айналдыру керек"

Дүкенге келген тұтынушы мен сатушының касса алдында орысша сөйлесетіндігін атап көрсеткен "Жас Отан" жастар қанатының бөлім меңгерушісі Айжан Мұқанова: "Бұл - ескі психологияның көрінісі. Қазіргі кезде оны өзгертіп, халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарда, әсіресе дүкендерде таза қазақ тілінде сөйлеуді әдетке айналдыру керек" деді.

Источник: Айқын
В статье: Новости Астаны

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 4

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .